Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды
Алматы ипподромында алғаш рет өткен Наурыз этнофестивалі ұлттық дәстүрлерді заманауи форматта жаңғыртып, көпшілікті бір алаңға жинады. Көкпар, ат үстіндегі өнер және мәдени бағдарламалар арқылы мереке ерекше ауқым мен жаңа мазмұнға ие болды.