AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Мыңдаған алматылық Наурызды қарсы алу үшін Астана...

Мыңдаған алматылық Наурызды қарсы алу үшін Астана алаңына жиналды

Алматы құшағында 21.03.2026, 12:43 299 dulatbekova
Мыңдаған алматылық Наурызды қарсы алу үшін Астана алаңына жиналды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

21 наурыз күні қала тұрғындары мен қонақтардың бас қосқан жері – Астана алаңы болды, мұнда таңертеңнен бастап мазмұнды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Сағат 11:00-ден бастап осында концерт, театрландырылған қойылымдар, көрмелер мен интерактивті іс-шаралар өтіп жатыр. Алаңда ән шырқалып, би билеп, көбі мұнда бала-шағасымен, үй-ішімен келіп серуендеп жүр. Көктем келгенін адамдардың көңіл-күйіне қарап-ақ байқауға болады.

Сахнада Қазақстанның танымал әртістері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетіп жатыр. Олардың арасында «Дос-Мұқасан», «МузАРТ» пен «Ұлытау» тобы, сондай-ақ Медеу Арынбаев, Сәкен Майғазиев, Нұржан Керменбаев, Ернар Айдар сынды танымал әншілер бар.

Әсіресе алты тақырыпты қамтыған киіз үйге қонақтардың ерекше назары ауды. Олардың әрқайсысы мәдениет пен осы заманғы үрдістің бір қырын суреттеген. «Ұлы дала әуені» киіз үйінде ұлы тұлғалардың музыкалық аспаптары ұсынылған, «Сақ мұрасы» бөлімінде сақ дәуірінің қайта жасалған үлгілері қойылса, «Дәстүр коды» алаңында этно-дизайн шеберлерінің туындылары көрсетіліп жатыр. Замандық технологиялармен танысқысы келетіндер үшін робо-киіз үй мен DIGITAL 360 аймағы жұмыс істейді – мұнда LED-экрандар мен дыбыстық эффектілер арқылы Алматының табиғатын бейнелеген екен.

Мерекелік көңіл-күй алаңмен шектелмей, бүкіл қаланы қамтыды. Көшелер көктемгі шаттыққа, жарқын инсталляциялар мен адамдардың күлкісіне толды. Наурыз қала тұрғындары мен қонақтарға дәстүр мен мәдени мұраға бай екенімізді тағы паш етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наурыз #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);