AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыдағы “Парасат” әлеуметтік орталығында этно-к...

Алматыдағы “Парасат” әлеуметтік орталығында этно-кабинет ашылды

Әлеумет 21.03.2026, 09:48 327 dulatbekova
Алматыдағы “Парасат” әлеуметтік орталығында этно-кабинет ашылды
Сурет: Самат Құсайынов

Алматының “Парасат” әлеуметтік қызметтер орталығы психоневрологиялық патологиясы және тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5-18 жас аралығындағы балаларға, сондай-ақ психоневрологиялық аурулары бар 18-ден асқан ересектерге жартылай стационарлық (күндізгі) жағдайда және үйде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Қазіргі күні орталықта 350 мүмкіндігі шектеулі адам қызмет алуда. Жартылай стационар бөлімінде массаж, емдік дене шынықтыру, психолог, логопед, дефектолог сабағы, дәрігерлердің (невропатолог, педиатр) қабылдауы өтеді. Еңбек терапиясы нұсқаушысы мен музыка мұғалімінің қызметі де бар.

Орталықтың негізгі мақсаты – арнайы көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, қызмет алушылардың күнделікті өмірге қажетті дағдысын дамыту, оларды әлеуметтендіру, тұрмыстық жағынан бейімдеу, оңалту және қоғамға кіріктіру.

Міне, осындай әлеуметтік бағыттағы миссияның үдесінен шығып жүрген “Парасат” та Наурыз мейрамын салтанатпен қарсы алды. Орталықта қазақтың ұлттық нақышымен безендірілген этно-кабинет ашылды.

”Этно-кабинет мәдени дәстүрлерді сақтау, рухани құндылықтарды насихаттау, дамытуда және әлеуметтік қызмет алушыларды қолдап, сүйемелдейтін ерекше кеңістік болмақ. Бізге келушілер қазақтың тұрмысы, салт-дәстүрі, қолөнері сынды ұлттық құндылығымен таныса алады. Қызмет алушылар үшін осынау ұлттық интерьер үйдегідей жайлылық пен жылылық сезімін сыйлайды деп ойлаймын. Бұл кабинетте мәдени-танымдық іс-шаралар, кездесулер, тақырыптық сабақтар, шеберлік сағаттарын өткізіп тұруды жоспарлап отырмыз”, - дейді “Парасат” орталығының директоры Нұрғайым Дүйсенбаева.

Этно-кабинет ашу идеясын Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің және орталықтың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Зульфия Хусеинова бірден қолдап, жоғары деңгейде жабдықталуына көңіл бөліп, демеушілік көрсеткен.

Ерекше кабинет қабырғасын ұлттық нақышпен безендіріп шыққан жас суретші Рамазан Садиевтің еңбегі де ұшан-теңіз. Иә, қабырғаға салынған сан бояулы суреттер де “сөйлеп” тұр. Суретші қиялынан туған әр бейне ұлттық құндылығымызды дәріптейді.

Ұлттық реңктегі этно-кабинеттің ашылу құрметіне орталық мамандары мен қызмет алушылары бірлесіп концерттік бағдарлама ұсынды.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #парасат #орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);