AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Өнер мен кеңістік үндестігі: ашық аспан астындағы...

Өнер мен кеңістік үндестігі: ашық аспан астындағы көрме көпшілікті тәнті етті

Мәдени Алматы 21.03.2026, 13:24 286 dulatbekova
Өнер мен кеңістік үндестігі: ашық аспан астындағы көрме көпшілікті тәнті етті
Сурет: Дана Садырқан

Панфилов жүргіншілер көшесі бойында заманауи қазақстандық суретшілердің кескіндеме және фотосурет өнерін тоғыстырған ауқымды көрме ұйымдастырылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ашық аспан астында өткен бұл мәдени іс-шара қала кеңістігін ерекше көркем галереяға айналдырып, өнерсүйер қауымға тың әсер сыйлады.

Көрмеге жиналған қала тұрғындары мен Алматы қонақтары отандық қылқалам шеберлерінің таңдаулы туындыларын тамашалап, заманауи өнердің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Экспозицияда ұсынылған жұмыстар мазмұн тереңдігімен, бояу үйлесімімен және идеялық жаңашылдығымен ерекшеленді.

Суретшілердің еңбектерінде қазақ халқының бай мәдени мұрасы кеңінен көрініс тапқан. Көшпелі өмір салты, дала философиясы, ұлттық дәстүр мен тұрмыс көріністері көркем тілмен өріліп, әр туындыдан ұлттың болмысы мен рухы айқын сезіледі. Сонымен қатар, фотосуреттер арқылы қазіргі қоғамның тынысы, қалалық өмірдің динамикасы мен адам тағдыры да шынайы әрі әсерлі бейнеленген.

Көрменің басты ерекшелігі – дәстүр мен заманауи көзқарастың үйлесім табуы. Кескіндеме мен фотографияның қатар ұсынылуы көрерменге бір тақырыпты әртүрлі қырынан қабылдауға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде өнердің шексіз мүмкіндігін, оның уақыт пен кеңістікке тәуелсіздігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ашық форматтағы көрме келушілер үшін тек тамашалау алаңы ғана емес, шығармашылық шабыт алатын ортаға айналды. Көпшілік авторлармен тікелей тілдесіп, олардың туындыларының мән-мағынасы туралы сұрақтар қойып, өнер әлеміне тереңірек үңілді.

Көрмеге келген тұрғындар да өз әсерлерімен бөлісті. Айдын Аманқостың айтуынша, мұндай форматтағы шаралар ерекше көңіл күй сыйлайды:

– Бұл көрме ерекше әсер қалдырды. Әсіресе, ашық аспан астында өнер туындыларын тамашалау мүлде бөлек сезім сыйлайды. Әр картинадан терең ой мен ұлттық рухты аңғаруға болады. Осындай іс-шаралар қала мәдениетін байытып, жастардың өнерге деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын.

Ал Гүлжан Алтынбек көрменің қолжетімділігіне назар аударды:

– Маған көрменің форматы өте ұнады. Кәдімгі галереядан гөрі, көшеде өтіп жатқандықтан, кез келген адам келіп көре алады. Фотосуреттер де, суреттер де өте әсерлі. Әсіресе, заманауи өмір мен ұлттық құндылықтардың қатар көрініс табуы көңілге қонымды. Осындай мәдени іс-шаралар жиі ұйымдастырылса екен деймін, – деді.

Осындай игі бастамалар қала мәдениетінің дамуына серпін беріп қана қоймай, өнерді көпшілікке жақындата түседі. Ашық аспан астындағы бұл көрме – заманауи Қазақстан өнерінің әлеуетін танытқан маңызды мәдени оқиғалардың бірі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Панфилов #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);