Алматының Наурызбай ауданында жыл соңына дейін үш жаңа балабақша ашылады
Алматының Наурызбай ауданында 2026 жылдың соңына дейін үш жаңа балабақша ашу жоспарланып отыр. Нысандардағы құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Қазір оларды пайдалануға беру үшін қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаева мәлімдеді.