Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Балабақшаларда жасанды интелект қалай қолданылады?

Балабақшаларда жасанды интелект қалай қолданылады?

Білім және ғылым Бүгін 11:58 33
Балабақшаларда жасанды интелект қалай қолданылады?
№92 Ясли балабақша

Қазір жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып, мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Осыған орай ұйымдастырылған «ЖИ-дің мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінде тиімді бағыттарын көрсету» тақырыбындағы іс-шараның негізгі мақсаты – балабақшада жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану жолдарын насихаттау және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында ЖИ технологияларының балалардың танымдық қабілетін, логикалық ойлауын, тілдік дамуын және шығармашылық белсенділігін арттырудағы рөлі көрсетілді. Арнайы цифрлық ойындар, интерактивті жаттығулар мен мультимедиялық тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын ояту жолдары ұсынылды.

Сонымен қатар, «Жасыл балабақша» бағыты аясында балалар табиғатты қорғауға, ресурстарды үнемдеуге және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үйренеді. Тәрбиеленушілер қоқысты сұрыптау, су мен электр энергиясын үнемдеу, өсімдіктерді күту, экологиялық ойындар мен тәжірибелер арқылы табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастырады.

Қаржылық сауаттандыру элементтері балалардың жас ерекшеліктеріне сай ойын арқылы жүргізіледі. Тәрбиешілер балаларға «ақша деген не?», «еңбек пен табыс», «жинақтау мен үнемдеу» ұғымдарын қарапайым тілмен түсіндіреді. Рөлдік ойындар, ертегілер мен көрнекі құралдар арқылы балалар ақшаны орынды жұмсауды, қажеттілік пен қалауды ажыратуды үйренеді.

 Экологиялық мәдениетін қалыптастырумен қатар, қаржылық тұрғыда саналы тұлға болып өсуіне негіз қалау. Мұндай кешенді жұмыс баланың ойлау қабілетін, жауапкершілігін және өмірге бейімделу дағдыларын арттырады.

Аталған бастамалар мектеп жасына дейінгі балалардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыруға, оларды заманауи технологиялармен қауіпсіз жұмыс істеуге үйретуге және оқу үдерісін қызықты әрі нәтижелі етуге бағытталған, болашақ ұрпақтың табиғатқа жанашыр, қаржыны дұрыс басқаруға қабілетті азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балабақша #Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы спорт қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады

Бүгін 13:21

Алматыда төтенше жағдайлар қызметі цифрланып жатыр

Бүгін 12:35

ҚР Президентінің кеңесшісі Алексей Цой Алматы қалалық кардиологиялық орталығына келді

Бүгін 12:32

Бүйрегін сатқысы келген ер адамға сот үкімі шықты

Бүгін 12:26

Алматыда студенттік тұрғын үй мәселесі қалай шешілуде: жатақханалардағы 46,2 мың орын және жаңа жобалық кеңсе

Бүгін 11:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі