AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы мектептер мен балабақшалардағы цифрлық және...

Алматы мектептер мен балабақшалардағы цифрлық және білім беру инфрақұрылымын қалай күшейтіп жатыр?

Барлығы 21.08.2025, 16:09 608 Сұлу
Алматы мектептер мен балабақшалардағы цифрлық және білім беру инфрақұрылымын қалай күшейтіп жатыр?
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі мен цифрлануын қамтамасыз етуді көздейтін үш жылдық ауқымды бағдарлама аяқталды. Бүгінгі күні қаладағы барлық мемлекеттік мектеп (216) пен балабақша (196) кешенді қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған.

 Бұл жүйеге бейнебақылау, дабыл түймелері, кіріп-шығуды бақылайтын жүйелер мен өрт дабылы кіреді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов осылай деді.

Білім беру мекемелеріне барлығы 21 106 цифрлық бейнекамера орнатылды, оның 12 450-і мектепте, 8 656-сы балабақшада орналасқан. Барлық нысандарға бір-бірден 412 дабыл түймесі қойылған. Мектепке кіріп-шығуды басқаратын, бақылайтын жүйе енгізілсе, балабақшаларға домофон орнатылды. Сонымен қатар, әр нысанда өрт дабылы жүйесі де жұмыс істейді.

Президентіміздің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында, 2025 жылға қарай Алматыда жан басына қаржыландыру есебінен 75 жаңа пәндік кабинет (химия, физика, биология, STEM және робототехника) сатып алу жоспарланған. 2025 жылғы 4 тамызда 41 кабинет толық жеткізіліп, пайдалануға берілген, 24 кабинетті жеткізу жағы қолға алынды, 10 кабинет бойынша байқау рәсімдері өтіп жатыр.

Қазір Алматының 216 мектебі 1 095 мамандандырылған пәндік кабинеттермен жабдықталған, олардың 991-і жаңартылған үлгідегісі. Бұл жалпы санының 90,5%-ы деген сөз. Алматы осы  жағынан басқа өңірлердің арасында көш басында келе жатыр.

Барлық мектепр жылдам интернетпен қамтылған. Оптикалық-талшықты байланыс желісінің (ОТБЖ) арқасында 216 мектептің әрқайсысы секундына 100 Мбит жылдамдықпен желіге кіре алады. Интернет қауіпсіздігін арттыру мақсатында CGNAT (Carrier-Grade Network Address Translation) жүйесі енгізілді. Бұл жүйе тыйым салынған, террористік және басқа да қажетсіз ресурстарға кіріп-шығуды шектеуге мүмкіндік береді.

Мектептер мен балабақшаларда қауіпсіздікті, цифрландыруды және технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз етудің кешенді тәсілі қауіпсіз және технологиялық білім беретін орта құрып жатқан Алматыны бүкіл ел бойынша алдыңғы қатардағы қалалардың біріне айналдырып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #балабақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);