AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы балабақша басшылары кәсіби құзыреттерін жет...

Алматы балабақша басшылары кәсіби құзыреттерін жетілдіруде

Алматы 10.09.2026, 16:28 336
Алматы балабақша басшылары кәсіби құзыреттерін жетілдіруде

2026 жылғы 10 қыркүйекте Алматы қаласының Алатау ауданындағы №177 бөбекжай-балабақшасында жас басшыларға арналған зияткерлік викторинаға негізделген қалалық семинар өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Кездесудің негізгі тақырыбы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы басқару және менеджмент мәселелері.

Семинар жұмысына Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының әдіскері Жанар Туралина, Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы Карлығаш Акмурзаева, Алатау ауданының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің бас маманы Шолпан Бубекбаева, сондай-ақ мегаполистегі мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары қатысты.

Семинардың басты мақсаты – жас басшылардың мектепке дейінгі ұйымды тиімді басқару саласындағы кәсіби құзыреттерін арттыру. Іс-шара барысында көшбасшылық қасиеттерді дамытуға, стратегиялық ойлау мен командалық жұмыс дағдыларын жетілдіруге айрықша мән берілді. Қатысушылар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың заманауи тәсілдеріне сәйкес тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауды үйренді.

Сонымен қатар семинар кәсіби білімді жетілдіруге, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыруға, тәжірибе алмасу арқылы практикалық құзыреттерді дамытуға және алған білімдерін нақты кәсіби жағдайларда қолдануға мүмкіндік беруге бағытталды.

Жобаны жүзеге асыруға балабақша басшыларымен қатар ата-аналар мен балалар да белсенді атсалысты.

Семинардың басты ерекшелігі – оның интерактивті әрі практикалық бағытта ұйымдастырылуында. Қатысушылар теориялық білім алумен ғана шектелмей, практикалық тапсырмалар орындап, топтық жұмыстарға, пікірталастарға, кейс-тапсырмалар мен зияткерлік ойындарға қатысты.

Іс-шара барысында заманауи әдістер мен тиімді тәсілдер кеңінен қолданылды. Қатысушылардың белсенділігі мен шығармашылық әлеуетін арттыруға, өзара тәжірибе алмасып, пікір бөлісуіне жағдай жасалды. Нақты кәсіби жағдаяттарды талдау арқылы шешім қабылдау дағдылары дамытылды. Сонымен қатар командалық жұмыс пен көшбасшылық қабілеттерді жетілдіруге басымдық берілді.

Қатысушылардың білімін тексеру Kahoot сияқты цифрлық платформаларды пайдалану арқылы интерактивті форматта жүргізілді. Семинар соңында рефлексия ұйымдастырылып, қатысушылар алған білімдері мен тәжірибелерін саралап, іс-шараның нәтижесін қорытындылады.

Іс-шараның негізгі ерекшелігі – әр қатысушының белсенді араласуына, практикалық білім мен тәжірибе жинақтауына және заманауи цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға басымдық берілуі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балабақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);