AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Медицина мамандарын аттестаттау тәртібі жетілдіріл...

Медицина мамандарын аттестаттау тәртібі жетілдіріледі

Медицина Бүгін 12:11 54
Медицина мамандарын аттестаттау тәртібі жетілдіріледі

Құжат "Ашық НҚА" порталында 3 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жобаға сәйкес, басшылардың кәсіби құзыреттілігін бағалау кезінде медициналық ұйымдардың жұмыс нәтижелеріне ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, клиникалық көрсеткіштер, инфекциялық бақылау және қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігі ескеріледі.

Сондай-ақ аттестаттау комиссияларының құрамын Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволарының өкілдерімен толықтыру, аттестаттау қорытындысы бойынша есеп беру тәртібін нақтылау және ескірген бағалау өлшемшарттарын алып тастау ұсынылып отыр.

Аттестаттау үш жылда бір рет өткізіледі. Ол басшылардың кәсіби құзыреттілігін бағалауға, басқаруды жетілдіру және медициналық қызметтердің сапасын арттыру бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өзгерістердің басты мақсаты – медициналық ұйымдарды жауапкершілікпен әрі тиімді басқаруды қамтамасыз ету. Бұл ретте пациенттің денсаулығы, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі басты назарда болуы тиіс.

Сонымен қатар өзгерістер мен толықтырулар жергілікті деңгейде аттестаттау рәсімдерінің объективтілігін арттыру және олардың бірыңғай тәртіппен жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты әзірленген. Аттестаттау комиссияларының жұмысына Денсаулық сақтау министрлігі мен оның ведомстволары өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету де көзделіп отыр. Ал есеп ұсыну тәртібін белгілеу аттестаттау нәтижелерінің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Кәсіби құзыреттілікті бағалау кезінде қолданылатын медициналық ұйымның даму жоспарының көрсеткіштерін де қосымша нақтылау қажет. Бұл олардың бірмәнді түсіндірілуін және біркелкі қолданылуын қамтамасыз етеді.

Аталған өзгерістер аттестаттаудың негізгі қағидаттарын қайта қарамай, қолданыстағы тетігін жетілдіруге бағытталған.

Күтілетін нәтижелер:

  • - жергілікті деңгейде аттестаттау комиссияларын құруға қатысты тәсілдердің өзара үйлесімділігін арттыру;

  • - аттестаттау қорытындысы бойынша есеп беруді ретке келтіру;

  • - медициналық ұйымның даму жоспарындағы нақтыланған көрсеткіштерді біркелкі қолдану.

.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина мамандары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясы ауқымды экологиялық акцияны қорытындылады

Бүгін 11:32

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор іске қосылды

Бүгін 11:03

Ғылыми қауымдастықтар бірлігі: ҚазҰУ түркі әлемімен ынтымақтастықты тереңдетпек

Бүгін 10:57

Алматынының апталық ауа райы

Бүгін 10:05

Сәтбаев салған сара жол

Кеше 20:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);