AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Сәтбаев салған сара жол

Сәтбаев салған сара жол

Білім және ғылым Бүгін 20:26 102
Сәтбаев салған сара жол
Әдебиет және өнер институты

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдық мерейтойы аясында Түркі әлемі ұлттық ғылым академиялары одағы (UNASTW) Бас ассамблеясының тоғызыншы отырысы басталды. Халықаралық жиын түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға, академиялар ынтымақтастығын кеңейтуге және ортақ зерттеу жобаларын жүзеге асыруға бағытталған.

Мерейтойлық іс-шараның салтанатты рухы Ұлттық ғылым академиясының ғимараты алдындағы мәдени бағдарлама арқылы айшықтала түсті. Келушілер назарына Қаныш Сәтбаевтың архивте сақталған бейнежазбалары ұсынылып, Ғылым ордасының қорларындағы тарихи жәдігерлер мен Ғылыми кітапхана басылымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Ал Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің орындауындағы күйлер жиынның мазмұнын байытып, жиналған жұртшылыққа ерекше әсер сыйлады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ұйымдастырған басқосуды академия президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев жүргізді. Ол құттықтау сөзінде академияның 80 жылдық тарихына тоқталып, отандық ғылымның қалыптасуы мен дамуындағы орнына ерекше назар аударды.

  • «Ұлттық ғылым академиясының құрылғанына 80 жыл толды. Бұл – ғылыми қауым үшін ғана емес, еліміз үшін де маңызды белес. Академияның тарихы республикамыздың индустриялық және экономикалық тұрғыдан дамып, заманауи мемлекет ретінде қалыптасу жолымен тығыз байланысты. Әсіресе академияның негізін қалаған Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың алар орны айрықша. Айтулы ғалым академияның негізін қалап қана қоймай, оны ел игілігі мен мемлекет мүддесіне қызмет етуі керек деген ұстанымды орнықтырды. Біз бүгінде оның даңқты ісін жалғастырған академиктер мен ғалымдарды зор ризашылықпен еске аламыз. Олардың бізге қалдырған мұрасы – тек ғылыми жаңалықтар мен іргелі еңбектер ғана емес. Мемлекеттің ауқымды міндеттерін жүзеге асыру мақсатында отандық ғылымды дамытудың, қуатты ғылыми мектептерді қалыптастырудың аса маңызды екенін дәлелдеді», – деді академия президенті.

Жиынның ашылуында Түркі академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев та құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық басқосуға қатысқан шетелдік делегацияларға жылы лебізін білдірді.

Отырысқа Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолияның ұлттық ғылым академияларының президенттері мен өкілдері, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің басшылары қатысты.

Бас ассамблея аясындағы маңызды оқиғалардың бірі – Дала өркениетін зерттеу жөніндегі халықаралық консорциум құру туралы келісімге қол қою болды. Бұл бастама түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын кешенді зерттеуге, халықаралық ғылыми әріптестікті дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға жол ашады.

Күн тәртібінде Түркия ғылым академиясының (TÜBA) 2025-2026 жылдардағы UNASTW төрағасы ретіндегі қызметінің қорытындылары қаралды. TÜBA президенті Музаффер Шекер атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, төрағалықты Түркия ғылым академиясынан Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясына беру рәсімін жасады. Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының президенті Иса Габиббейли одақтың алдағы қызметінің басым бағыттары мен келешектегі жоспарларына тоқталды.

Іс-шара барысында Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Бекмамат Дженбаев, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының бірінші вице-президенті әрі бас ғалым хатшысы Шамансур Сагдуллаев, Моңғолия Ғылым академиясының әлеуметтік ғылымдар жөніндегі вице-президенті Цегмед Церендорж, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Жансейіт Түймебаев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңесінің мүшесі Дархан Қыдырәлі және Жошы Ұлысы институтының директоры Жақсылық Сәбитов сөз сөйледі. Қатысушылар ғылыми байланыстарды кеңейту, зерттеу саласындағы тәжірибе алмасу және ортақ ғылыми басымдықтарды айқындау мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар UNASTW Бас ассамблеясының оныншы отырысын өткізу мерзімі мен орны қарастырылып, келесі жиынды Қырғызстанда ұйымдастыру туралы ұсыныс айтылды. Халықаралық дәрежедегі игі шараның жұмысы ертең де жалғасын табады.

ҚАЗТУҒАНОВА Айнұр Жасағанбергенқызы

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Музыкатану» бөлімінің меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #Ғылым #Сатпаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Алматыдағы азаматтық қорғау нысандарының жер сілкінісіне дайындығын тексерді

Бүгін 19:30

«Жігітім алаяқ болып шықты»: сүйіктісіне алданғандар өзін қалай қорғай алады?

Бүгін 19:24

Елдің ең ірі мегаполисіндегі тозығы жеткен желілер жаңартылады – алматылықтар үшін не өзгереді?

Бүгін 19:09

Алматыға кіреберіс жолдарда жүк көліктеріне арналған салмақ өлшеу кешендері орнатылады

Бүгін 17:36

Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);