Алматыда алдағы күндері жылы әрі құрғақ күзгі ауа райы орнайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Алайда аптаның соңына қарай күн суып, жауын-шашын түседі, тіпті алғашқы қар жаууы да мүмкін. Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, алдағы демалыс күндері қалада, негізінен, жауын-шашынсыз, құрғақ ауа райы күтіледі.
"17-20 қазан аралығында күндізгі ауа температурасы +13...+15 градустан +18...+20 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі. Бұл ретте түн салқын болады. 20 қазанға қарай түнде ауа температурасы +5...+7 градусты көрсетеді", - дейді синоптиктер.
Сонымен қатар, 16 қазанда түнде, сондай-ақ 17 қазанда дауылды ескерту жарияланады. Тұрғындарға ауа райы жағдайын ескеріп, синоптиктердің хабарламаларын қадағалап отыру ұсынылады.
Мамандардың айтуынша, өзгерістер аптаның екінші жартысында басталады. 21 және 22 қазанда күндіз Алматыда жаңбыр жауады деп күтіледі. Күндізгі температура +16...+18 градустан +14...+16 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде соққан желдің екпіні секундына 13 метрге дейін жетуі мүмкін.
Ең қолайсыз күн 23 қазанға сай келмек. Синоптиктер аспан бұлтты болып, кей уақытта күшті жауын-шашын болатынын болжайды. Жаңбыр мен қар жауады, ал кей күндері тұман түсуі мүмкін. Қаланың жоғары бөлігінде жауған жаңбырдың арты қарға ұласуы ықтимал. Күндізгі ауа температурасы: +12...+14 градус.
Осылайша, аптаның басында алматылықтарды салыстырмалы түрде жылы әрі құрғақ күндер күтіп тұр, ал келесі демалыс күндеріне қарай ауа райы суытып, жаңбырлы болады. Қала тұрғындары мен қонақтары серуендеу мен сапарлау алдында ауа райы болжамын ескергені жөн.
Алматы қаласы бойынша 17-23 қазан аралығындағы ауа райы болжамы:
17 қазан: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соғатын жел, 3-8 м/с. Түнде +1+3°C, топырақ бетінде -1-3°C-қа дейін үсік жүреді. Күндіз +13+15°C.
18-19 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +2…+4°C, күндіз: +15...+17°C.
20 қазан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +5…+7°C, күндіз: +18...+20°C.
21 қазан: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз кей тұстарда 13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +6…+8°C, күндіз: +16...+18°C.
22 қазан: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз кей тұстарда 13 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +4…+6°C, күндіз: +14...+16°C.
23 қазан: аспан бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде) болады. Кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +2…+4°C, күндіз: +12...+14°C.