AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғылыми қауымдастықтар бірлігі: ҚазҰУ түркі әлеміме...

Ғылыми қауымдастықтар бірлігі: ҚазҰУ түркі әлемімен ынтымақтастықты тереңдетпек

Білім және ғылым Бүгін 10:57 34
Ғылыми қауымдастықтар бірлігі: ҚазҰУ түркі әлемімен ынтымақтастықты тереңдетпек

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы келген Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Әзірбайжан және Түркия ғылым академияларының президенттері оқу ордасының ғалымдарымен кездесті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жүздесуге сондай-ақ Халықаралық түркі академиясының вице-президенті Асхат Кесікбаев, оқытушы-профессорлық құрам мен жас зерттеушілер қатысты.

Шараны ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ашып, түркі әлемі Ғылым академияларының басшыларына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде ректор ҚазҰУ-да түркі халықтарының ортақ тарихи және мәдени мұрасын зерттеуге ерекше мән берілетінін атап өтті.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да  түркология ғылымын дамытуға арналған халықаралық конференциялар мен семинарлар жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Жуырда университет қабырғасында Баку құрылтайының 100 жылдығына арналған халықаралық симпозиум өтті. Бүгінде түркі мемлекеттері арасындағы ғылыми ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру аса маңызды. Осы ретте ортақ ғылыми мақсаттарды айқындап, бірлескен зерттеулерді үйлестіретін арнайы ғалымдар тобын құру қажет деп санаймын», – деді ректор.

Өз сөзінде Жансейіт Түймебаев ортақ жобаларды бірлесіп әзірлеп, жүзеге асыру қажеттігін жеткізді. Ректордың айтуынша, мұндай бастамалар ғылыми ынтымақтастықты кеңейтіп, түркология саласындағы зерттеулердің дамуына тың серпін береді.

Сөз соңында оқу ордасының басшысы  түркі әлемі Ғылым академияларының президенттерін «Фараби» алтын медалімен марапаттады.

Өз кезегінде Түркия ғылым академиясының президенті Шекер Музаффер ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуетін жоғары бағалады.

«Түркі әлемі Ғылым академияларының мақсаты бір. Сондықтан баршамыз бірігіп, ортақ құндылықтарды сақтай отырып, әріптестік байланысты тереңдетуіміз қажет. Қазір жаңа технологияның дәуірі. Сондықтан жасанды интеллект саласындағы серіктестігімізді арттыру керек», – деді Шекер Музаффер.

Кездесу барысында Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолия ғылым академияларының басшылары сөз сөйлеп, ғылыми байланыстарды нығайтуға және өзара ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғалымдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әділет» партиясы ауқымды экологиялық акцияны қорытындылады

Бүгін 11:32

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор іске қосылды

Бүгін 11:03

Алматынының апталық ауа райы

Бүгін 10:05

Сәтбаев салған сара жол

Кеше 20:26

Қанат Бозымбаев Алматыдағы азаматтық қорғау нысандарының жер сілкінісіне дайындығын тексерді

Кеше 19:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);