Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Боралдай тас жолында қозғалыс шектеледі

Боралдай тас жолында қозғалыс шектеледі

Әлеумет 04.07.2023, 11:21 1,101
Боралдай тас жолында қозғалыс шектеледі
almaty-akshamy.kz

5 шілдеден 3 тамызға дейін Алматы қаласының Алатау ауданында Барыс көшесінен Жаужүрек көшесіне дейін Боралдай тас жолында көлік қозғалысы шектеледі. Бұл аумақта қозғалыс екі бағытқа да жабылады.


Су құбыры мен кәріз желілерін салу бойынша жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. 3,5 км су құбыры және 2,8 км кәріз желісін салынады. Бұл жобаның арқасында Алатау ауданының 2,5 мың тұрғыны тұрақты желілермен қамтылады.


Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.


Биыл барлығы 20 нысан бойынша 108,4 км су құбыры және кәріз желісін (81,1 км су құбыры және 27,3 км кәріз) салу жоспарланған, бұл халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін 99,2%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.



Айта кетейік, желілерді салу және жаңғырту жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі, себебі бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Мысалы, былтыр Наурызбай, Алатау және Түрксіб аудандарының 18 шағын ауданында 153,9 км сумен қамту және 118,1 км су бұру желісі салынды (60 мыңға жуық адам қамтылды). Жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында сумен қамту желілерінің тозуы 56,2%-дан 55,8%-ға және кәріз желісінің тозуы 58%-дан 57,5%-ға дейін төмендеді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік 99% болған, ағынды суды тазарта отырып халықты қамту 92,7%-ға жетті.



Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тасжолы #кәрізжелі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Құқық + AI: құқығыңды біл" атты экспромт-кездесу өтті

Кеше 21:12

Сенімділік – жаңа күш: The National Interest басылымында Тоқаевтың мақаласы шықты

Кеше 20:42

Алматыда жаңа екі медициналық мамандық енгізілмек

Кеше 20:38

Дархан Сатыбалды Алматы инвесторлары және кәсіпкерлерімен кездесу өткізді

Кеше 17:25

Референдум-2026: қала жұмыс ырғағында

Кеше 17:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі