AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / 2026 жылдың 1-15 қазан аралығындағы ресми теріске...

2026 жылдың 1-15 қазан аралығындағы ресми теріске шығарулардың жиынтығы

Заң мен тəртіп Бүгін 12:08 35
2026 жылдың 1-15 қазан аралығындағы ресми теріске шығарулардың жиынтығы

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы 1-15 қазан аралығындағы ресми теріске шығарулардың жиынтығын ұсынды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
 
Фейк: «Алматының су құбыры мен кәріз шаруашылығы бөгде компанияның басқаруына беріледі»
 
«Алматы Су» МКК ресми мәлімдемесі: «Алматы Су» кәсіпорны штаттық режимде жұмысын жалғастыруда және қаланың сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерінің операторы болып қала береді. Басқа компаниялардың басқаруына беру жоспарланбаған».
 
Манипуляция: Компьютерлік клубтарға келушілерді  әскери комиссариаттардың «рейдтері» туралы ақпарат беретін Telegram-боттарға қосылуға шақыру
 
ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесі:
 
«Қазіргі уақытта азаматтарды әскерге шақыру туралы хабарландыру электрондық форматта да жүзеге асырылады. Ол SMS-хабарламалар мен eGov жеке кабинетіндегі хабарламалар арқылы жүргізіледі».
 
Манипуляция: Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының әкімшілік ғимаратында болған өртті Ресейдегі расталмаған «оба ауруымен» байланыстыруға тырысу
 
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми түсініктемесі:
 
«Өрттен аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының мамандандырылған зертханалары зақымданған жоқ. Зертханалық жұмыстар жүргізілетін бөлмелерге от тимеген, олардың герметикалығы бұзылмаған».
 
Фейк: Қазақстан азаматтары белгілі бір жағдайларда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) өзгерте алады
 
ҚР ІІМ ресми мәлімдемесі:
 
«ЖСН азаматқа бір-ақ рет беріледі және қайта өзгертілмейді».
 
Фейк: ҚР Қарулы Күштерінің техникасы халықаралық әскери оқу-жаттығудан кейін тұрақты орналасу орындарына оралмады
 
ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесі:
 
«Оқу-жаттығу 2026 жылғы 6 қазанда аяқталғаннан кейін техника тұрақты орналасу пунктеріне толық қайтарылды».
 
Фейк: Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде бірнеше адам өлімі тіркеліп, 100-ден астам адам жараланды деген ақпарат
 
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ресми мәлімдемесі:

«Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт кезінде медициналық көмекке сегіз адам жүгінді. Тексеруден кейін бір көрерменнен басқасының барлығы үйлеріне жіберілді. Түрлі жарақат алған 18 жастағы бойжеткен ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оның жағдайы мамандардың бақылауында».
 
Қосымша ақпарат:
 
Қаралып отырған кезеңде әлеуметтік желілерде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратқаны үшін бес адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды (1, 2 ). Тәртіп бұзған тұлғаларға қатысты қолданыстағы заңнамада көзделген әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фейк #фейк ақпараттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған практикалық сабақтар өтіп жатыр

Бүгін 11:52

Алматыда «Giro d’Almaty 2026» веложарысына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 11:50

Өзгеріске бастайтын көшбасшылық

Бүгін 11:47

Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді

Бүгін 10:34

Қазақстан Дүниежүзілік банктің металдар мен минералдар секторын дамыту жөніндегі жаһандық бастамасына қосылды

Бүгін 10:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);