Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда халықаралық желінің 4 жұлдызды қонақ үйі...

Алматыда халықаралық желінің 4 жұлдызды қонақ үйі ашылды

Әлеумет 11.03.2024, 04:22 1,086
Алматыда халықаралық желінің 4 жұлдызды қонақ үйі ашылды
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Dedeman Hotels & Resorts International халықаралық желісінің заманауи 4 жұлдызды қонақ үйі ашылды. Park Dedeman Almaty жобасына 4 млрд теңгеден астам жеке капитал тартылған, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қалада барлығы 2024-2027 жылдары пайдалануға берілетін 3287 нөмірі бар 23 жаңа қонақ үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр:


- 1067 бөлмелі 7 қонақ үй – 2024 жылы;


- 930 бөлмелі 7 қонақ үй – 2025 жылы;


- 746 бөлмелі 5 қонақ үй – 2026 жылы;


- 544 бөлмелі 4 қонақ үй – 2027 жылы.


Қалалық туризм басқармасы Алматының еліміздің ірі іскерлік және туристік орталығы мәртебесін көрсете отырып, қонақ үй инфрақұрылымының саны мен сапасы бойынша Қазақстанда көшбасшы орында тұрғанын хабарлайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтырғы 9 айда Алматыға 1,5 млн.адам келді, оның 409,4 мыңы шетелдік турист. Бұл ретте, туристердің жалпы санының 60%-ы 4 және 5 жұлдызды қонақ үйлерде (246 256 адам) тұруды жөн көреді.



«Желілік қонақүйлерді тарту Алматының халықаралық нарықтағы туристік дестинация ретіндегі жоғары тартымдылығын көрсетеді. Нөмірлік қордың ұлғаюы туристердің мегаполисте болу ыңғайлылығын арттырады және әрине, туристік саланың дамуына оң әсерін тигізеді. Осыған байланысты біз шетелдік туристерге арнап орналасу орындарын ұлғайту және олардың санын көбейту бойынша жұмысты жалғастырамыз», - деді Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.




Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы жеке инвестициялар есебінен Алматы қаласында 161 орынға арналған 4 нысан ашылды: «Qazaq Auyl» мейрамханалық кешені бар эко-қонақ үй - 16 үй, «Grand Mildom» қонақ үйі - 112 бөлме, «Medeu camp» -13 маусымдық глампинг, «Dami hotel» - 20 бөлме.



  • Алматы қаласында түрлі санаттағы 345 қонақ үй тіркелген: 5* - 7 қонақ үй (үлесі – 2%), 4* - 19 қонақ үй (үлесі – 5,5%), 3* - 5 қонақ үй (үлесі – 1,4%), санатсыз – 188 қонақ үй (үлесі – 54,5%), басқа да типтер (пансионаттар, лагерьлер және т.б.) – 126 нысан (үлесі – 36,5%). Алматы қаласының нөмірлік қоры 11 454 бірлік, қонақ үй нысандарының біржолғы сыйымдылығы 21,8 мың орын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Dedeman #Hotels #Resorts
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сергектіктің сыры - спортта: 90 жастағы семейлік ата қыста коньки, жазда ролик тебеді

Бүгін 15:22

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті өмір бойына сотталды

Бүгін 15:22

Алматының Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында 8 бірегей артроскопиялық ота жасалды

Бүгін 15:00

Парламенттің қазіргі құрамы 1 шілдеге дейін жұмыс істейді

Бүгін 14:40

Алматыдағы түзеу мекемесінің жасөспірімдері танымдық кеште белсенділік тантты

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі