Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр
Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыру аясында 2029 жылға дейін елімізде жасанды интеллект қолданылатын цифрлық бастамаларды мониторинг жүргізудің бірыңғай тұтас жүйесі қалыптастырылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.