ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта...

Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды

Әлеумет 13.12.2024, 18:10 1,005
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Мемлекеттік басқару академиясы
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының базасында «Мемлекеттік қызмет» музейінің жаңа форматта ашылуына орай «Ұрпақтар сабақтастығы» атты...

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының базасында «Мемлекеттік қызмет» музейінің жаңа форматта ашылуына орай «Ұрпақтар сабақтастығы» атты мемлекеттік қызмет ардагерлерімен кездесу өтті.

Іс-шараны Алматы қаласы әкімі аппараты мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті бірлесіп ұйымдастырды. Кездесуге Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Б. Қабдол, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ш. Әлімхан, “Тәлімгерлер кеңесінің” мүшелері, мемлекеттік қызмет ардагерлері, үздік мемлекеттік қызметкерлер мен курс тыңдаушылары қатысты.

«Мемлекеттік қызмет» музейін құру бастамасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына негізделген. Музейдің мақсаты – мемлекеттік қызметтің тарихы мен жетістіктерін насихаттау, тарихи құжаттар мен маңызды оқиғаларды көрсету арқылы мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру. Сонымен қатар, кейінгі ұрпаққа мемлекеттік қызметтің мұраларын жеткізе отырып, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету.

Кездесуге қатысқан мемлекеттік қызмет ардагерлері музей жұмысына қатысты пікірлерін білдіріп, оны дамыту мен жәдігерлермен толықтыру жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

Филиал директоры Айгерім Абилова музейдің болашағына тоқтала отырып:

«Мемлекеттік қызмет» музейі алдағы уақытта филиал базасында білім алушы жастар мен студенттер үшін мемлекеттік қызметтің даму кезеңдерін таныстырып, ардагерлердің қатысуымен мотивациялық орталыққа айналады», – деді.

Жаңа форматтағы музей мемлекеттік қызметті дамыту мен ұрпақтар сабақтастығын насихаттаудың маңызды алаңына айналмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,343 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.