ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Өткен жылы әлеуметтік-еңбек саласында 1,5 млн-нан...

Өткен жылы әлеуметтік-еңбек саласында 1,5 млн-нан астам мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетілді

Әлеумет 26.02.2025, 16:42 780
Өткен жылы әлеуметтік-еңбек саласында 1,5 млн-нан астам мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетілді
Сурет: Gov.kz
2024 жылы қазақстандықтарға әлеуметтік-еңбек саласында проактивті форматта 1,5 млн-нан астам түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

2024 жылы қазақстандықтарға әлеуметтік-еңбек саласында проактивті форматта 1,5 млн-нан астам түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Көрсетілген қызметтердің саны 2023 жылмен салыстырғанда 200 мыңға өсті, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Проактивті формат белгілі бір өмірлік жағдай туындаған кезде қандай да бір қызмет көрсетудің өтінішсіз тәртібін көздейді. Барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік деректер қорынан электронды түрде жиналады. Ол үшін  азаматтарға ешқайда барудың қажеті жоқ, тек SMS-хабарламаға жауап берсе жеткілікті.

Проактивті қызметтердің бір бөлігі Отбасының цифрлық картасы арқылы көрсетіледі, ол автоматты режимде әл-ауқат деңгейін, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың тиісті шараларын айқындайды. Оны енгізудің арқасында 2024 жылы 642 мыңнан астам адам мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS алды. Бұл ретте өтінішсіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін 263 мың адам пайдаланды.

2024 жылғы ақпанда тағы бір мемлекеттік қызмет, атап айтқанда «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметі проактивті форматқа ауыстырылды.

Осылайша, бүгінгі таңда проактивті форматта әлеуметтік-еңбек саласында 28 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олардың ішіндегі ең сұранысқа иелері:

- жұмыссыз азаматтарды тіркеу (771 мың);

- бала тууына және бала күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау (218 мың);

- бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау (172 мың);

- инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы (мемлекеттік кепілдік) арасындағы айырманы төлеу (177 мың);

- мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау (97 мың).

Сонымен бірге жекелеген қызметтерді түрлендіру және жеңілдету бойынша да жан-жақты жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, 30 нозология бойынша мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру жалғасуда. 2024 жылы осындай форматта 97 мыңға жуық өтінім қаралды.

Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы техникалық құралдар мен оңалту қызметтерін өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдау мүмкіндігі қолжетімді. 2024 жылы 1,1 миллионнан астам тапсырыс орындалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,446 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,339 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.