AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Теміртауда балабақша тәрбиешісі ішімдік ішіп жұмыс...

Теміртауда балабақша тәрбиешісі ішімдік ішіп жұмысқа келген

Оқиға 05.10.2024, 23:00 2,131 Bakyt
Теміртауда балабақша тәрбиешісі ішімдік ішіп жұмысқа келген
Сурет видео скрині
 

Теміртауда "Айгөлек" балабақшасының тәрбиешісі ішімдік ішіп, жұмысқа келіп, балаларды шошытқан, деп хабарлайды aqshamnews.kz Патриот телеграм каналына сілтеме жасап.

Оқиға 30 қыркүйекте болғанымен, ата-аналар бұл туралы енді ғана жариялады.

Дүйсенбі күні, 30 қыркүйекте, полицияға балабақшада тәрбиешінің балаларға дөрекі мінез көрсетіп, мас күйде жүргені туралы анонимді қоңырау түсті. Полиция қызметкерлері келгеннен кейін тәрбиешіні медициналық тексеруге алып кетті.

Қызметкердің мас болу деңгейі туралы тексеру аяқталғанға дейін жарияланбайды.

Бұл оқиғадан хабардар болған ата-аналар келесі күні балабақшаға келіп, камерадағы жазбаларды қарап шықты. Видеода тәрбиешінің теңселіп жүргені, балалардың қолдарынан ұстап, оларды пижамамен ұрып жатқаны байқалады. Сондай-ақ, тәрбиешіні полицейлердің ғимараттан шығарып жатқаны көрінеді. Алайда, ата-аналарға дәл осы сәттің видеожазбасын көшіруге рұқсат берілмеді.

Теміртау қаласының білім бөлімі "Патриот" сайтына түсініктеме берді. Олардың айтуынша, оқиғаға қатысты қызметтік тексеру басталған.

"Мемлекеттік "Айгөлек" балабақшасында орын алған оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде. Тәрбиеші жұмыстан шеттетілді. Қызметтік тексеру нәтижесінде лауазымды тұлғаларға қатысты объективті шаралар қолданылады, оның ішінде жұмыстан босату мүмкіндігі де бар", - деп хабарлады ведомстводан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айгөлек #балабақша #тәрбиеші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);