AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрме...

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Алматы Бүгін 16:24 73
Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Алматыдағы 38 қалалық емханада мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылған, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Былтыр жаздан бері бір жыл ішінде тұрғындар осы контейнерлерге 1 200 келіге жуық дәрі-дәрмек қалдығын тапсырды. Жиналған қалдықтар қауіпсіз жолмен жоюға жіберілді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС мамандары айтты.

Жобаны ECO Network экологиялық қауымдастығы STADA фармацевтикалық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып келеді. Орнатылған контейнерлердің арқасында тұрғындар жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектерді тұрмыстық қоқыстан бөлек жинауға тапсырады.

Дәрі-дәрмек жинау пункттерінің жұмысын бағалауға Satbayev University студенттері қатысты. Еріктілер 34 емхананы аралап, тұрғындардың жоба туралы хабардар болуын және медицина қызметкерлерінің бастамаға қатысу белсенділігін бағалады. Тексерілген емханалардың 70%-дан астамы жоғары нәтиже көрсетті.

Еске салайық, шілде айында дәрі-дәрмек жинау бойынша №1 қалалық емхана көш бастап, 79,5 келі қалдық жинады. Үздік бестікке №23 емхана – 71,45 келі, №4 емхана – 70,2 келі, №17 емхана – 66,6 келі және №12 емхана – 65,6 келі көрсеткішпен енді.

Мерзімі өткен дәрілерді бөлек жинау қоршаған ортаның ластану қаупін азайтуға көмектеседі. Тұрмыстық қоқысқа тасталған немесе кәріз жүйесіне төгілген дәрілік заттар топырақ пен суға түсуі мүмкін. Ұйымдастырушылардың айтуынша, арнайы контейнерлер мұндай қалдықтарды бөлек жинап, қауіпсіз жолмен жоюға жіберуге мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрі-дәрмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);