AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тегін тамақпен қамтылған балалар санатына кімдер ж...

Тегін тамақпен қамтылған балалар санатына кімдер жатады?

Әлеумет 20.09.2023, 10:23 1,667
Тегін тамақпен қамтылған балалар санатына кімдер жатады?
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балалар оқу жылының басынан бастап мемлекеттік балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етілді


Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың қаулысымен 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар мемлекеттік балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етілді.


Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, қазір мегаполисте 80 мыңға жуық бала (194 мемлекеттік және 1 республикалық – 39 862 бала; 723 жекеменшік - 39 738 бала) баратын 918 мектепке дейінгі ұйым  жұмыс істейді. Алматы бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,4%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.


Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды арттыру мақсатында 2023 жылдың басынан бастап 3 801 орынға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға 2 байқау өткізілді.




«Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан 5672 бала тегін тамақпен қамтылды. Бағдарламаны іске асыру үшін Алматы қаласы мәслихатының шешімімен жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді», - деді Ләззат Жылқыбаева.



Тегін тамақпен қамтылған балалар санаттарына мыналар жатады:


-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;


- бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;


- көпбалалы отбасылардан шыққан балалар;


- атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тегін тамақ #балабақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);