Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Шұғылада жаңа балабақша жыл соңына дейін ашылады

Шұғылада жаңа балабақша жыл соңына дейін ашылады

Әлеумет 24.11.2023, 11:50 1,480
Шұғылада жаңа балабақша жыл соңына дейін ашылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ерболат Досаев Алматының Шұғыла шағын ауданында жаңа балабақша құрылысын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматының Шұғыла шағын ауданындағы жаңа балабақша жыл соңына дейін пайдалануға беріледі


Орын тапшылығы мәселесін шешу үшін Алматы қаласының Наурызбай ауданында жыл соңына дейін 1200 орындық 4 балабақша салынады



Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданына жұмыс сапары аясында «Шұғыла» ш/а 320 орындық балабақша құрылысының қарқынын тексерді. Оның мысалында мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы мәселесін шешу бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты. 


Балабақшаның құрылысы 2022 жылдың мамыр айында басталды. Құрылыстың нормативтік мерзімі-10 ай. Кестеден артта қалуға қатысты қала әкімдігі ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Астана-Стройинвест» корпорациясы ЖШС мердігерлік ұйымына ісін қозғады. Қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр.


Нысанды аралау кезінде қала басшысына бүгінгі күні монолитті жұмыстар аяқталып, керамикалық кірпіштен жасалған қабырғалар қаланып, еден төсеу жұмыстары жүргізілгені баяндалды. Қасбет, құрылымдар толығымен орналастырылған, сондай-ақ желдетуді ұйымдастыру, инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта электр желілері тартылып, жылыту жолға қойылды. Мердігер компания интерьерді безендіру, абаттандыру, сондай-ақ техникалық жабдықтарды сатып алу және жеткізу бойынша жұмыстарды аяқтауы керек. 


Айта кетерлігі, жаңа балабақшаны пайдалануға беру ауданның мектепке дейінгі ұйымдарында орын тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, «Шұғыла» шағын ауданында 7500-ден астам адам тұратын 40 көппәтерлі тұрғын үй («Әлем сити» ТК қоса алғанда) бар.


Наурызбай ауданында барлығы 1041 орындық 5 мемлекеттік балабақша және 6360 орындық 120 жеке меншік балабақша жұмыс істейді. 2023 жылы ауданда 1007 орындық 17 жеке балабақша ашылды. 2024 жылға 1200 орындық қосымша 4 балабақша салу жоспарланған. Олардың ішінде «Шұғыла», «Құрамыс», «Қалқаман-2» шағын аудандарындағы балабақшалар бар. 


Тексеру қорытындысы бойынша Ерболат Досаев құрылыс, білім басқармалары басшыларының назарын балабақшада бүлдіршіндер үшін барынша қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыс сапасын жақсартуға, техникалық бақылауды күшейтуге аударды. Қала басшысы жедел жоюды қажет бірқатар олқылықтар жөнінде ескерту жасады. Барлық жұмыстарды, соның ішінде іргелес аумақты абаттандыруды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау тапсырылды.


Анықтама: 


Алматы балабақшаларына кезек 1-6 жас аралығында - 41 065 бала, 3-6 жас аралығында - 16 545 бала. 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 74%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 94% құрады. Алматыда жалпы 80 561 баланы қамтитын 951 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік 194, жеке 757, оның 664-і мемлекеттік білім беру тапсырысын алады. Алматыда ағымдағы жылдың басынан бері барлығы 290 орындық 1 мемлекеттік балабақша және 5615 орындық 80 жеке меншік балабақша ашылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Шұғыла #балабақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.