AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қаржы / ҚМА Алматыдағы қаржы пирамидасының жолын кесті

ҚМА Алматыдағы қаржы пирамидасының жолын кесті

Қаржы 25.09.2025, 10:08 664
ҚМА Алматыдағы қаржы пирамидасының жолын кесті
Сурет: Gov.kz

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті "Amir Capital" атты қаржы пирамидасын құру және оны басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, өзін халықаралық инвестициялық қор ретінде көрсеткен "Amir Capital" компаниясы үш жыл бойы Қазақстан, Беларусь, Ресей және Қырғызстан азаматтарынан криптовалюта саудасы, майнинг және түрлі жобаларға инвестициялау арқылы 5–10% табыс уәде етіп, қаржы тартқан.

Инвесторлар компанияның ресми сайты арқылы жолданған реферальды сілтемелер бойынша тіркелген. Қаражат USDT, BTC, ETH сияқты криптовалюта түрінде Amir Wallet әмиянына аударылып отырған.

Агенттіктің мәліметінше, түскен қаражат қаржы пирамидасының классикалық принципімен бөлінген. Бұрын тіркелген қатысушыларға төлемдер кейінгі салымшылардың ақшасынан төленіп келген. Осы жоспармен 40-тан астам адам тартылған.

2021 жылдың соңында салымшылардың "amir.capital" платформасынан қаражат шығару мүмкіндігі тоқтатылған. Ұйымдастырушылар техникалық ақау деген желеумен төлемдерді қайта бастайтынын айтқанымен, қаражат қайтарылмаған.

Тергеу барысында құны 10 млн АҚШ долларынан асатын криптоактивтер және Алматы облысындағы жер телімі бұғатталды. Күдіктілердің бірі сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

ҚМА тергеуді жалғастырып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жариялауға жатпайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пирамида
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);