AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстандықтар 9 сағаттан аса ұйықтайды

Қазақстандықтар 9 сағаттан аса ұйықтайды

Әлеумет 16.05.2025, 12:03 896
Қазақстандықтар 9 сағаттан аса ұйықтайды
Shutterstock/FOTODOM

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың ұйқыға, жұмысқа, тамаққа және демалысқа қанша уақыт жұмсайтынын есептеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2024 жыл ішінде (қаңтардан желтоқсанға дейін) Ұлттық статистика бюросы "Халықтың уақыт бюджетін пайдалануы" біржолғы модульдік зерттеуін жүргізді. Сауалнаманың мақсаты – халықтың өз уақытын пайдалануы туралы ақпарат алу, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті, өмір салтындағы өзгерістерді анықтау.  2024 жылы оған 10 және одан жоғары жастағы 11 914 респондент қатысты.

Зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандықтардың (10 жастан асқан) орташа алғанда тәуліктің 54,2% (13 сағат) жеке күтімге (ұйқы – 9 сағат 26 минут), тамақ пен сусынға – 1 сағат 57 минут, жеке гигиена және күтім – 1 сағат 27 минутын жұмсайды. Ал қалған уақытының: 

12,2% (2 сағат 56 минут) уақытын жұмысқа (жұмыспен қамтуға),
13,5% (3 сағат 14 минут) – үй шаруашылығын жүргізуге,
2% (28 минут) - оқуға,
0,8% (12 минут) – жеке пайдалану үшін тауарлар өндіруге жұмсайды,
ал қалған 17,3% (4 сағат 9 минут) – бос уақыт.

15 жастан асқан ер адамдар күніне орта есеппен 5 сағат 13 минут жұмыс істейді, әйелдер үшін бұл көрсеткіш 4 сағат 18 минутты құрайды. Алайда, әйелдерде үй шаруашылығын жүргізу ер адамдарға қарағанда (1 сағат 51 минут) ұзағырақ уақыт алады (4 сағат 5 минут). Ер адамдардың әйелдерге қарағанда бос уақыты шамамен 2 есе көп - сәйкесінше 4 сағат 4 минут және 2 сағат 56 минут. 

Жұмыспен қамтылған ер адамдар жұмысқа орта есеппен 9 сағат 7 минут, әйелдер 7 сағат 57 минут жұмсайды, бос уақытқа сәйкесінше 2 сағат 31 минут және 1 сағат 50 минут қалады.

Зерттеу 6 жылда бір рет жүргізіледі.

Айта кетсек, 2024 жылы қалдықтар көлемі 11,4% өсті. Бұл жайлы бүгін, 2025 жылғы 6 мамырда ҚР Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұйқы #күтім #тамақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);