AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Түрікменстан аумағы арқылы ұн экспортын...

Қазақстан Түрікменстан аумағы арқылы ұн экспортын ұлғайтады

Әлеумет 03.08.2023, 06:04 956 Almaty-akshamy.kz. 
Қазақстан Түрікменстан аумағы арқылы ұн экспортын ұлғайтады
Сурет: ашық дереккөз

Ауғанстанға транзиттік тасымалдаудың мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмыс басталды.


Қазақстан Түрікменстан аумағы арқылы ұн экспортын ұлғайтады. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Қазақстан мен Ауғанстан бизнес-форумында Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Қазақстан мен Ауғанстанның екіжақты форматта да, бүкіл өңір ауқымында да сауда саласындағы ынтымақтастықты дамыту үшін кең әлеуеті бар. Біріншіден, Қазақстан ұнының дәстүрлі жеткізілімін көбейту маңызды. Біздің ұн Ауғанстанға Өзбекстан аумағы арқылы жеткізілетіні белгілі факт. Биылғы 4 айда Ауғанстанға Өзбекстан аумағы арқылы 150,8 млн АҚШ доллары сомасына 450 мың тоннадан астам ұн жөнелтілді», - деді С. Жұманғарин.



Қазір Өзбекстан арқылы жүк тасымалы тарифі жоғары. Сондықтан экспорт көлемін ұлғайту және ауған нарығын тауарлардың жеткілікті көлемімен қамтамасыз ету үшін Ауғанстанға транзиттік тасымалдаудың мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмыс басталды.



«Бүгінде Түрікменстан өз аумағы бойынша жүк тасымалын дамытуға мүдделі және өз аумағы бойынша жеңілдікті транзиттік тариф ұсынуға дайын. Бұл бағыт, ең алдымен, ұн жөнелтудің балама бағыты болуы мүмкін екенін атап өтеміз. Осы мақсаттар үшін QazTrade шикізаттық емес тауарлардың экспортын ілгерілетудің бірыңғай операторы отандық тауарларды Болашақ станциясына дейін жеткізуді арзандатуға қолдау жасайды. Сонымен қатар, біз Ауғанстанға ұн мен астықты паритеттік негізде жеткізу үшін Өзбекстанмен арада елдеріміздің аумақтары бойынша транзиттік темір жол тасымалдарына жеңілдікті шарттар беру жөніндегі уағдаластықтарды нығайттық», - деді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Бүгін 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Бүгін 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 16:14

Интернеттегі алаяқтық: бір сілтеме бүкіл ақшаңыздан айыруы мүмкін

Бүгін 15:18

«Таза Қазақстан» түркі әлемінің жастарын біріктіреді: Алматыда халықаралық кемпингтің екінші күні өтті

Бүгін 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);