AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматы кітапханалары түнде де «көз ілмейді»

Алматы кітапханалары түнде де «көз ілмейді»

Алматы Бүгін 10:42 43
Алматы кітапханалары түнде де «көз ілмейді»

Бүгінде Алматыда 32 кітапхана жұмыс істейді. Оның 7-еуі оқырманға тәулік бойы, яғни 24/7 режимінде қызмет көрсетеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оларда жоғары жылдамдықты интернетке қосылған компьютерлер, Wi-Fi желісі, Almaty-library кітапханалық-ақпараттық жүйесі мен өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары орнатылған.

Кітапханалардың тәулік бойы жұмыс істеуі, заманауи технологиялардың енгізілуі және кітапты қала тұрғындарына жақындатуға бағытталған бастамалар – Алматының білім мен мәдениетке ашық қала ретінде дамуына жасалған маңызды қадам. Өйткені кітапқа қолжетімділік артқан сайын, оқуға деген қызығушылық та жоғарылай түседі. Ал кітап оқитын қоғам – болашағына бейжай қарамайтын, білім мен рухани құндылықтарды бағалайтын қоғам.

Мегаполистегі 32 кітапхананың бас орталығы – А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана. Оның да есігі тәуліктің барлық сағатында айқара ашық, Алматының дәл ортасында орналасқан. Бұл рухани орда сонау 1931 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Жалпы аумағы 1 572,6 шаршы метрді құрайды, ал кітап қоры 100 мың данадан асады.

Бүгінде Чехов кітапханасының оқу залында да кітап оқып, сабаққа дайындалып отырған жастарды жиі кездестіруге болады. Сондай зерделі қыз-жігіттердің бірі – Азаматтық авиация академиясының 3-курс студенті Райымбек Тұрдыханов.

– Қазір кезекті емтиханыма дайындалып жүргендіктен Чехов кітапханасына осылай түн мезгілінде келіп жүрмін. Маған солай ыңғайлы. Әрі қолайлы локацияда орналасқан. Мұнда барлық жағдай жасалған. Есігі 24 сағат ашық. Жалпы, кітапхана мен үшін уақытыңды тыныш ортада тиімді өткізіп, біліміңді бекітуге және пайдалы әдет қалыптастыруға мүмкіндік беретін орын. Осында «Кітап оқитын ұлт» марафоны бойынша оқып жүрген кітабымды да біраз парақтаймын. Марафон шарты бойынша студенттерге 15 кітап оқу міндеттелген. Мен қазір екі кітапты оқып бітірдім. Бірі – Дулат Исабековтің «Гауһартасы», ал екіншісі Джон Кехоның «Түйсігіңмен ойла» кітабы. Екеуі де ұнады. «Гауһартас» отбасында махаббат, мейірімділіктің маңызды екенін көрсетуге тырысқан. Ал «Түйсігіңмен ойла» – адамның ішкі мүмкіндігін тиімді пайдалануға бағытталған психологиялық шығарма. Енді Федор Достоевскийдің «Қылмыс пен жазасын» оқып жатырмын, – дейді Райымбек Тұрдыханов.

Айтпақшы, елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталғанынан хабардарсыздар. Бұл бастама Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында жүзеге асырылуда.

Марафонға мектеп оқушыларынан бастап мемлекеттік қызметшілерге дейін, кітап оқуға қызығушылық танытқан кез келген азамат қатыса алады. Жеңімпаздар қомақты қаржылай сыйлыққа ие болады. Осы марафон басталғалы кітапхана залы жастарға бұрынғыдан да тола бастаған көрінеді.

А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана меңгерушісі Айнұр Балаубаеваның айтуынша, республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонына Алматы кітапханалары жүйесінен 27 қызметкер және 493 оқырман қатысып жатыр екен.

Аруна Жолдыбай да сол оқырмандардың бірі. Шаһардағы «Just Speaк it» ағылшын оқу орталығының жас маманы.

– Кітапхана мен үшін білім мен шабыттың ортасы. Мен мұнда жайлы аурасы, тыныштығы үшін келемін. Таза әрі қолайлы ортада ойың да тұнық, жинақы болады. Қазір Алматы кітапханаларында барлық жағдай жасалған, түнде де, таңда да есік ашық тұрады. Бұл күндіз сабақтан босамайтын немесе жұмыс істейтін жастар үшін үлкен мүмкіндік. Иә, бүгінде кітапханалар тек кітап оқитын орын ғана емес, білім алуға, ізденуге және жаңа идеяларды жүзеге асыруға арналған заманауи кеңістікке айналып келеді. Мен де «Кітап оқитын ұлт» марафонына тіркелдім. Қазір Майкл Джексонның өмірбаянын оқып жатырмын. Әр парағы әлем жұлдызының әнге, өнерге деген ерекше сүйіспеншілігіне толы. Шыны керек, тіпті кейде кітап кейіпкерлері де саған жол сілтеп, өміріңе бағдаршам болып жататыны өтірік емес. Менің айналамда да кітап оқитын қыз-жігіт көп. Бұл мен үшін мақтаныш, – дейді жас оқырман Аруна Жолдыбай.

Оқырман демекші, күні кеше Алматыдағы «KitapAl» дүкенінің алдында жүздеген жастың кітап сатып алу үшін иін тіресіп, түнге дейін ұзын-сонар кезекте тұрған сәттері таспаланған суреттерді әлеуметтік желіде көрген боларсыздар. Бұл көрініс көпшіліктің ерекше ықыласына бөленіп, тіпті еліміздің түкпір-түкпіріндегі мыңдаған кітапсүйер қауым өз парақшаларында жарыса бөлісіп жатты.

«KitapAl» сол күні оқырмандарына арнап, барлық баспаның кітаптарына 50 пайыздық жеңілдік жариялап, Алматы жастары арасында бұрын-соңды болмаған рухани дүмпу туғызды. Жарияланған видео, суреттерден байқасақ, кітапқұмарлар легі түннің бір уағына дейін тарқамағанын байқауға болады. Тіпті, олар дүкен ішіне сыймай, кітап алу кезегі көшеге дейін созылған.

Тағы бір көңіл аударарлық маңызды жайт – әлеуметтік желі кеңістігіндегі көпшілік кітап кезегіне тұрған жастардың жоғары мәдениеті мен ұстамдылығына тәнті болғандарын да білдіріп жатты. Асқан сабырмен, тәртіппен, парасаттылықпен өз кезегін күткен жастарды «Қазақ жастары кітап оқымайды дейтіндер осы көріністі көрсін, зиялы ұрпақ өсіп келеді» деген ризашылық пікірлерімен қолдап, қолпаштап әкетті. Өзге де пікірлерге көз жүгіртсеңіз, жүрегіңіз толқиды.

«Бұлар – түнгі клубқа емес, кітап сатып алуға кезекке тұрған жандар. Осынша адамның кітап алуға келгенін көріп, қатты риза болдым».

«Мен Әуезов атындағы кітапханаға жақын тұратындықтан, кешкісін кітап оқуға сонда барамын. Ылғи адам лық толы отырады. Сосын Чехов атындағы кітапханаға да барып тұрамын. Іші тап-таза, жарық әрі атмосферасы сондай жылы».

«Мен Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында екі жылдан астам уақыт жұмыс істеп келемін. Оқырмандар өте кө-өп. Бірінен соң бірі ағылып келеді, жастар көп оқиды, дамып жатыр, мойындау керек».

«Біреулер қазіргі жастар телефоннан бас алмайды деп сынауға дайын тұрады. Бірақ алматылық жастар сол түсініктің күл-талқанын шығарды. Олар кітап оқитын ғана емес, сапалы әдебиетті бағалай білетінін де дәлелдеді».

«Қуансаң, осындай рухты жастар үшін қуан! Берсең, соларға бер! Мейірім көрсетсең, олар да ары қарай мейірім таратады».

Иә, шын мәнінде, біздің жастар кітаптан алыстаған жоқ. Жоғарыдағы оқиға – соның айқын дәлелі.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітапхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Скроллингтен кітап оқуға: Алматы кітапханашылары «Кітап оқитын ұлт» жобасы туралы

Бүгін 12:28

Батырды іздеген марапат

Бүгін 12:00

Жағалауда қалған аманат

Бүгін 11:50

Алматы студенттері Республика күніне орай «Менің Қазақстаным!» республикалық акциясын бастады

Бүгін 11:41

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толды

Бүгін 11:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);