ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға талап к...

Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға талап күшейеді

Білім және ғылым 28.09.2022, 04:53 1,404
Мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға талап күшейеді
Сурет: Мassaget.kz
Бұл жайында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Телеграм каналына жазды.

Бұл жайында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Телеграм каналына жазды.


Енді мемлекеттік тапсырыс балаларға қолайлы және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған жаңа ережелер бойынша орналастырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұйрықтың негізгі тармақтары:



  1. Мемлекеттік тапсырыс алғысы келетін барлық балабақшаға қосымша талаптар енгізілді.


Олардың ішінде:


- өртке және терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жағдай жасау. Сондай-ақ дабыл түймесі мен ішкі дауыстық ескерту жүйесі болуы қажет.


- Міндетті түрде бейнекамералар орнату.


- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасау.


- балабақша ғимараттары мен үй-жайларының санитарлық нормаларға сәйкестігі.


- Балаларға қолайлы пәндік дамыту ортасын қалыптастыру үшін балабақшаларды қажетті құрал-жабдықтармен және жиһаздармен жабдықтау.


 - медициналық көмек көрсетумен қамтамасыз ету;



  1. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Тәрбиешілердің балалармен жұмыс істеуі үшін тиісті біліктілігі және/немесе білімі болуы қажет.

  2. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру тетігі өзгертілді. Бұрын білім басқармалары мемлекеттік тапсырысты орналастырған кезде белгілі бір балабақшаға нақты орын санын көрсетсе (мысалы, «Балбөбек» - 100, «Еркетай» - 100 орын), енді барлық талапқа сәйкес келетін балабақшалар мемлекеттік тапсырыс алатын ұйымдардың жалпы тізбесіне енгізіледі. Содан кейін ата-аналардың өздері балабақшаға жолдама алған кезде осы тізімнен нақты балабақшаны таңдай алады. Яғни қанша ата-ана балабақшаны таңдаса, сол орындарға сәйкес қаржыландыру балабақшаға түседі.

  3. Мемлекеттік тапсырысты алу үшін құжаттар саны қысқартылды. Егер бұрын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға көп құжатты ұсыну қажет болса, енді тізім 4 құжатқа дейін қысқартылды. Қалған құжаттар ақпарат жүйелерінен алынады.

  4. Электронды түбіртектер енгізіледі. Бұл шара «жалған орынға» айналған тәуекелдерді азайтуға көмектеседі. Яғни мектепке дейінгі ұйым қаржыландыру алып, бірақ балалардың мәлімделген саны сәйкес келмеген жағдайда.

  5. Енді білім басқармаларына мемлекеттік тапсырысты орналастыру Тізбесіне енгізу туралы шешім қабылдағанға дейін балабақшалардың жұмысымен, жағдайымен танысу құқығы берілді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында мұндай мониторинг міндетті түрде балабақшалар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен жүргізілуі керек.

  6. Рәсімнің ашықтығы үшін өтінімдер мен барлық құжатты комиссия міндетті түрде бейне және аудиожазбамен қарайды.


Сонымен бірге мемлекеттік тапсырысты алу үшін берілген өтінімдер мен құжаттарды енді білім бөлімі сайтқа орналастыруы тиіс. Қоғам ұсынылған құжаттарды көре алуы үшін және соның негізінде осы мектепке дейінгі ұйымдар мемлекеттік тапсырыс алушылар тізіміне енгізілген. Бұл шара сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтып, мемлекеттік тапсырысты орналастырудың ашықтығын қамтамасыз етуі керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,261 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.