AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Мемлекеттік қызметке тұрудың форматы өзгереді

Мемлекеттік қызметке тұрудың форматы өзгереді

Әлеумет 09.12.2022, 08:23 1,738
Мемлекеттік қызметке тұрудың форматы өзгереді
Сурет: 7-su.kz

Елордада Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен және Астана мемлекеттік қызмет хабының қолдауымен «Мемлекеттік қызметтегі HR: персоналды стратегиялық басқаруға көшу» форумы басталды.


Агенттік төрағасы Дархан Жазықбаев өз сөзінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар аясында мемлекеттік қызмет жүйесіне жаңа талаптар жүктелгенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Агенттік мемлекеттік қызметке ЭЫҰД елдерінде кеңінен колданылатын HR-құралдарын енгізу бойынша іс-шараларды пысықтап жатыр. Біз үшін HR саласындағы жаңа тәжірибені жинақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметке білікті мамандарды тарту өте маңызды. Ашық, әділ шешімдер қабылдай алатын, белсенді, заманауи талаптарға икемді мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда адам капиталына ден қоюдың маңызы зор», – деді Д. Жазықбаев.


«Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен мемлекеттік қызметке орналасу конкурстарының әділдігін қамтамасыз ету үшін «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің сыртқы порталында мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритмі әзірленіп, конкурстық рәсімді өткізу форматы қайта қаралды. Конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа, барлық кезеңдерде кез келген уақытта және әлемнің кез келген жерінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді», – деді агенттік төрағасы.



Тестілеуден өту қағидаларын сақтау Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу барысында қолданылып, тиімділігін көрсеткен прокторинг жүйесі арқылы қамтамасыз етілмек.


Оның айтуынша, әзірленген іріктеу алгоритмі заңнаманы білуге арналған 4 нормативтік-құқықтық акті бойынша тестілеуді (Конституция, Мемлекеттік қызмет және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдары, Әдеп кодексі), қабілеттілік пен құзыреттілікті тестілеуді (IQ, EQ, SQ тестілеу), басшылық лауазымдар үшін эссе жазуды қамтиды. Сонымен қатар, салалық және тәуелсіз сарапшылардан, HR мамандар, әдеп жөніндегі уәкілдерден тұратын конкурстық комиссиямен әңгімелесу тәртібі ескерілген.


Д. Жазықбаевтың сөзіне қарағанда, іріктеудің бұл тәсілдерін 2023 жылы «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде пилоттық апробациядан өткізу жоспарланып отыр.


Форумға еліміздің және шетелдің ғалымдары, мемлекеттік органдар өкілдері, HR саласындағы сарапшылар қатысып жатыр.


Форумға арнайы келген делегаттар мемлекеттік қызметті дамытудағы тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстанның халықаралық тәжірибеге бағдарланған мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру, оның ішінде HR-ды дамыту жөніндегі қадамдарын оң бағалады. Қазақстанның және шет елдердің мемлекеттік, квазимемлекеттік әрі жеке секторларының жетекші сарапшылары арнайы сессиялар аясында мемлекеттік қызметшінің жаңа болмысын, HR мамандарын даярлаудың өзекті мәселелерін, тиімді HR құралдарын, адами ресурстарды басқарудағы трендтер мен сын-қатерлер, жаңа мүмкіндіктер, көшбасшылардың рөлі мен құндылықтары туралы мәселелерді ортаға салды.


Форумға еліміздің және шетелдің ғалымдары, мемлекеттік органдар өкілдері, HR саласындағы сарапшылар қатысып жатыр. Жиында делегаттар мемлекеттік қызметті дамытудағы тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстанның халықаралық тәжірибеге бағдарланған мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіру, оның ішінде HR-ды дамыту жөніндегі қадамдарын оң бағалады. Қазақстанның және шет елдердің мемлекеттік, квазимемлекеттік әрі жеке секторларының жетекші сарапшылары арнайы сессиялар аясында мемлекеттік қызметшінің жаңа болмысын, HR мамандарын даярлаудың өзекті мәселелерін, тиімді HR құралдарын, адами ресурстарды басқарудағы трендтер мен сын-қатерлер, жаңа мүмкіндіктер, көшбасшылардың рөлі мен құндылықтары туралы мәселелерді ортаға салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекеттік қызмет #формат #өзгеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);