AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Коронавирустан кейін қалай тамақтану керек?

Коронавирустан кейін қалай тамақтану керек?

Керек кеңес 29.10.2021, 11:48 2,398 Элеонора Жаңабергенқызы
Коронавирустан кейін қалай тамақтану керек?
Сурет: Тafsilar.info

Коронавирустан кейін құрамында С дәрумені бар тағамдарды көбірек тұтынған жөн.


Ковидпен ауырып жазылғаннан кейінгі кезеңдегі тамақтану мен қимыл-қозғалыс ережелерін дұрыс сақтамағанның кесірінен көп адамның жағдайы нашарлап, ауруханаға қайта жатуға мәжбүр болғандары да бар.


COVID-19-дан кейін науқастардың иммунитеті күрт төмендейді, ағзаның көптеген функциясы бұзылады. Дұрыс таңдалған тағам жасушалардағы метаболикалық процестерді жылдамдатады, қанның құрамын жақсартады және иммундық жүйенің нығаюына да әсер етеді. Ағзадағы зиянды қалдықтарды (шлактар мен токсиндер) уақтылы жою бүйрекке түсетін салмақты азайтады, бауыр мен жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысын жеңілдетеді.


Дәрігерлер коронавирус індетінен жазылғаннан кейінгі қалпына келтіру кезеңінде дұрыс  тамақтану қағидасын ұстанған дұрыс дейді.



«Дұрыс тамақтану бойынша: күнделікті рационның 30%-ын қамтитын міндетті таңғы ас, жалпы калория мөлшерінің 35% құрайтын түскі ас, бір күндік тағамның 15% -нан аспайтын жеңіл кешкі ас ішіп, арасында екі рет жүрек жалғаған жөн», - дейді Ирина Ворначева.



Күнделікті тамақтың құрамына  бұзау еті, тауық еті, майлы балық, бауыр, жұмыртқа, сүт өнімдері, қатты ірімшіктер, кілегей, қара бидайдан және тұтас дәнді дақылдан пісірілген нан, өсімдік майы, жармалардан пісірілген ботқалар, көкөністер, жемістер, жидектер, көк шай, мүкжидек сусындары сияқты өнімдерді қосқан дұрыс болады.  Коронавирустан кейін құрамында С дәрумені бар тағамдарды көбірек тұтынған жөн: қызыл бұрыш, цитрус жемістері, құрма, алма. Өкпеге пайдалы болу үшін пісірілген сәбізді қаймақпен араластырып немесе мейіз бен кептірілген өрік қосып жеуге болады. Сонымен қатар, ағзаға жеткілікті мөлшерде су беру керек, ол үшін жеміс сусындарын, компоттарды, итмұрын немесе мүкжидекті суға қайнатып ішкен жөн.


Оңалту кезеңінде асқазанға ауыр, қуырылған және ащы тағамдарды, «фаст-фудты», жартылай фабрикаттарды, тез дайындалатын тағамдарды дастарқанға жолатпау керек.



«Майонез, кетчуп, маргарин, газдалған су, дүкеннен сатып алған дайын шырындар, ысталған ет, маринадталған қияр, алкоголь, шұжық өнімдері, қою кофе мен шайды тамақтанудан алып тастау керек. Тәтті және тұзды тағамдарды ұнататындар да бұл кезеңде өздерін шектегендері жөн», - дейді дәрігер.



 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#коронавирус #тамақ #дәрумен #дәрігер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);