AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Көк шай мен қара шайдың бауырға әсері қандай?

Көк шай мен қара шайдың бауырға әсері қандай?

Керек кеңес 15.07.2023, 10:46 2,950
Көк шай мен қара шайдың бауырға әсері қандай?
Сурет: El.kz

Жапондықтар мен қытайлықтар көк шайды бауыр ауруларының алдын алу үшін ішеді екен.


Шай – бұл бүкіл әлем бойынша көп қолданылатын сусындардың бірі. Оның шөлді басып, ағзаны сергітетін әрі нәрлендіретін қасиеттері бар. Ал шайдың бауырға әсері қандай? Жапондықтар мен қытайлықтар көк шайды бауыр ауруларының алдын алу үшін ішеді екен.


Бұл туралы Almaty-akshamy.kz. Ernur.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 


Ал басқа бір зерттеулерге сүйенсек, қара шай бауыр клеткаларын алкогольді ішімдіктің әсерінен болатын бұзылыстардан сақтайды делінген. Осындай тұжырымдармен қатар көк шай мен қара шайдың бауырға келтірер пайдасы мен зияны жайлы тарқатып айтпақпыз. Көк шай жоғарыда айтып өткеніміздей бауырды аты жаман аурулардан сақтауға септігін тигізеді. Аталмыш сусынды ішу арқылы біз бауыр жасушаларын қорғай аламыз. Оның құрамындағы өте көп мөлшердегі антиоксиданттар осындай күшке ие. Сонымен бірге бауырды түрлі токсиндерден тазартады. Көк шай қандағы су-тұз алмасуын қалыпқа келтіріп, несеп айдайды. Мұның бәрі бауырдың жұмысын жеңілдететіні сөзсіз. Тіпті, көк шайдың бауырдың патологиялық ауруларының алдын алатын кереметтей әсері бар. Алайда көк шайды тым көп ішуге де болмайды дейді мамандар. Өйткені көк шайды шамадан асырып ішкенде бауыр жеткіліксіздігіне апарып соқтыруы мүмкін. Көк шайды күніне 3 шыныдан артық ішпеген абзал. Қара шайдың бауырға әсері қандай? Қара шай да көк шай секілді аурудың алдын алуға көмектесетін сусын. Күніне 2 рет қарай шай немесе кофе ішкен адамның бауыр ауруларына шалдығуы 25 пайызға төмендейді деген дерек бар. Қара шайдың әсіресе қан қысымын төмендетіп, қан тамырлары ауруларымен ауыратындарға пайдасы зор. Сонымен қатар ыстық шайды ұрттап-ұрттап ішсеңіз өт жолдарын тазалап, өтте тастың пайда болуына жол бермейді. Қара шайдың құрамындағы темір, мырыш, фтор, танин сияқты заттардың арқасында осындай әсерлер беріп, денсаулығыңыздың сыр бермеуіне септігін тигізетінін естеріңізге саламыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қара шай #Көк шай #пайдасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);