ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Ерте дамудың маңызды екенін елеусіз қалдыруға болм...

Ерте дамудың маңызды екенін елеусіз қалдыруға болмайды - министр

Білім және ғылым 11.07.2022, 05:26 1,893
Ерте дамудың маңызды екенін елеусіз қалдыруға болмайды - министр
Сурет: Bilimdinews.kz
Балабақшаға үш жылдан артық барған баланың үлгерімі қатарластарынан басым болады - Оқу-ағарту министрі

Балабақшаға үш жылдан артық барған баланың үлгерімі қатарластарынан басым болады - Оқу-ағарту министрі


 Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектепке дейінгі кезеңде баланы ерте дайындау мен дамытудың маңыздылығы туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Министрдің пайымынша, ерте дамудың маңызды екенін елеусіз қалдыруға болмайды. Баланың миы тез дамып, негізгі дағдылар мен мінез-құлық қасиеттері қалыптасады, сонымен қатар ол баланың денсаулығына негіз болады. Мектепке дейінгі мекемеге бару баланың бойында өзін-өзі реттеу, жаңа ортаға бейімделу және топта жұмыс істеу сияқты бірқатар пайдалы машығын дамытуға көмектеседі. Асхат Қанатұлы осы машықтың барлығы баланың мектепте үлкен жетістікке жетуіне ықпал ететіні дәлелденген ерте оқыту әдебиетіне шолуды ұсынған.



«Халықаралық зерттеулердің нәтижелері балабақшаға барған және ерте жастан жазу мен санауды үйренген балалар мектепте үлгерімі бойынша өз қатарластарынан басым болатынын көрсетеді. Мысалы, PISA-2018 деректері бойынша үш жылдан астам балабақшаға барған оқушылар мектепке дейінгі ұйымдарға бармағандарға қарағанда жоғары нәтиже көрсетеді: оқу сауаттылығы бойынша 20 ұпайға және математика мен жаратылыстану сауаттылығы бойынша 16 ұпайға. Сонымен қатар TIMSS зерттеуінің нәтижелері де балабақшаға барған оқушылардың жақсы нәтиже көрсеткенін дәлелдеді. Мысалы, балабақшаға бармаған 4-сынып оқушылары мен оған үш жылдан астам барғандар арасындағы айырмашылық математикадан 16 балл, ал жаратылыстану пәні бойынша балабақшаға барғандарда 23 балл болды. Ал ата-аналары мектепке дейін жазуды, оқуды және санауды үйреткен 4-сынып оқушылары ата-аналары анда-санда ғана оқуына көңіл бөлген балаларға қарағанда математикадан 15 ұпайға және жаратылыстану пәнінен 25 ұпайға жоғары алған», - деп жазды министр.



Ерте дамыту мен мектепке дейінгі білім берумен қамту еліміздің экономикалық көрсеткіштеріне әсері жағынан да маңызды. Нобель сыйлығының лауреаты Д. Хекманның әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалардың мектепке дейінгі біліміне жұмсалған бір доллардың экономикалық қайтарымы туралы тұжырымдары кең таралған. Ол мемлекетке 8 (6) доллар пайда әкеледі. Зерттеулерге сәйкес, болашақта баланың көрсеткіштеріне әсер ететін маңызды критерий - ол мектепке дейінгі ұйымның сапасы.



«Яғни мектепке дейінгі кезеңдегі баланың жағдайы мен білім берудің кейінгі кезеңдерінде дамуы үшін оның ерте жастан дамуына назар аудару маңызды екенін көріп отырмыз», - деп түйіндейді Асхат Аймағамбетов.





Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.