Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Дұрыс тамақтанбау өлімге себеп болады

Дұрыс тамақтанбау өлімге себеп болады

Әлеумет 06.12.2024, 12:22 720
Дұрыс тамақтанбау өлімге себеп болады
Сурет видео скрині

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстан азаматтары қандай аурулардан жиі көз жұматынын айтты.

Оның айтуынша, тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігі, оның халықтың денсаулығына әсері туралы мәселе әлі өзекті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бүгінде әлемдегі сияқты Қазақстанда инфекциялық емес аурулар барлық өлімнің 84%-ына себеп болып отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, 4 негізгі ауру: жүрек-қан тамыр аурулары, онкология, семіздік, қант диабеті мезгілсіз өлімге себеп болуы мүмкіндігінің 27%-ына тең. Мұндағы тәуекел факторларының бірі – дұрыс тамақтанбау. Құрамындағы майы, қанты және тұзы көп тағамдарды тұтынуды инфекциялық емес аурулардың көбеюіне, жұмысқа қабілеттілігінің жоғалуына және денсаулық сақтаудың айтарлықтай шығынына әкеледі, жалпы экономикаға теріс әсерін тигізеді. Мәселен 2022 жылмен салыстырғанда қан айналымы ағзаларының ауруы мен сыртқаттанушылық көрсеткіші 6%-ға, семіздік 2%-ға, қант диабеті 17%-ға өскен, – деді Тимур Сұлтанғазиев Сенаттағы Үкімет сағатында.

Министрдің орынбасары Қазақстанда тұзды тұтыну көрсеткіші жоғары екенін атап өтті.

ДДСҰ тұзды тәулігіне 5 грамға дейінгі тұтынуға кеңес береді. Алайда бұл көрсеткіш елімізде тәулігіне 17 грамға дейін жетеді. 6-9 жас аралығындағы балалардың 17%-дан астамы күн сайын, 50%-дан астамы апта сайын қант қосылған сусындарды тұтынады. Салдарынан 6-9 жас аралығындағы балалардың 20%-ы немесе әрбір бесінші баланың артық салмағы бар, ал оның 7%-ы семіздік ауруына шалдыққан, - деді вице-министр.

Тимур Сұлтанғазиев бұл мәселені шешу үшін министрлік не істеп жатқанын жеткізді.

«Халықтың трансмайларды, тұзды шамадан тыс пайдалануды азайту жөніндегі іс-шараларды көздейтін инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша министрлік жол картасын іске асырып жатыр. Мектептерде, колледжерде және жоғары оқу орындарында тәтті сода, сергітетін сусындар, фаст-фуд, чипстерді сатуға тыйым салынды. Денсаулықтық сақтауды дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде құрамында қант қосылған сусындарға салық енгізу мәселесі пысықталуда. 2025 жылдан бастап 21 жасқа толмаған адамдарға сондай-ақ сауда автоматтары арқылы энергетикалық сусындарға тыйым салынады», – деді министрдің орынбасары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тамақ #өлім #Тұз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.