Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Басты мақсатымыз – қызмет алушылардың құқықтарын қ...

Басты мақсатымыз – қызмет алушылардың құқықтарын қорғау

Әлеумет 25.09.2024, 12:26 1,631
Басты мақсатымыз – қызмет алушылардың құқықтарын қорғау
Сурет: El.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметіндегі негізгі басымдықтардың бірі – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және бағалау болып табылады.

Айта кету керек, Алматы қаласында жыл сайын 20 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі, олардың 90%-ы электронды түрде жүзеге асырылады. Департамент өз қызметінің аясында тұрақты түрде қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша бақылау іс-шараларын жүргізіп отырады.

Мысалы, «Алматы қаласының Халықаралық Әуежайы» АҚ тарапынан келіп түскен шағым негізінде, «Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» КММ-де «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартудың заңдылығы мен тәртібін тексеру жүргізілді.

Тексеру нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту және бас тарту тәртібін бұзу фактілері толық расталды. Осыған байланысты Басқармаға қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру және бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама жіберілді. Сонымен қатар, Басқарма басшысының орынбасары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұзушылыққа жол берген жауапты тұлғаға тәртіптік шара қолданылды.

Қазіргі уақытта жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту арқылы қызмет алушының құқықтары толық қалпына келтірілді.

Ұқсас жағдай С. есімді қызмет алушының шағымы бойынша да анықталып, шағымда көрсетілген фактілер расталды. Нәтижесінде басқармаға тиісті ұсыныс хат жіберіліп, қызмет алушының құқықтары толық қалпына келтірілді. Басқарманың жауапты қызметкері ҚР ӘҚтК 465-бабының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, егер мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылып, заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне келесі мекенжай бойынша хабарласа аласыз: Алматы қ., Достық даңғылы 134, «Пионер 2» бизнес орталығы немесе +7 (727) 254 90 05 телефонына қоңырау шалуға болады. Сондай-ақ, өтініштеріңізді «e-otinish» платформасы арқылы да жолдауға мүмкіндік бар.

Қосымша, азаматтардың мемлекеттік органдармен өзара байланысын жеңілдету мақсатында, Telegram қосымшасындағы «EgovKZBot2.0» платформасында жаңа «уәкілетті орган» функциясы әзірленді. Бұл функция азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет етуге және тиімділікті арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мемлекеттік қызмет #Тұтынушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.