AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Балабақшаларға қатысты талаптар өзгереді

Балабақшаларға қатысты талаптар өзгереді

Білім және ғылым 21.04.2022, 09:56 2,069
Балабақшаларға қатысты талаптар өзгереді
Сурет: Baribar.kz

Министрдің айтуынша, жеке меншік балабақшалардың лицензиясын қайтару үшін заңға өзгеріс енгізу керек.


Бейнебақылау жүйесін орнатуға қатысты нақты талап болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаларға қатысты талаптардың өзгеретінін мәлімдеді.


Министрдің айтуынша, жеке меншік балабақшалардың лицензиясын қайтару үшін заңға өзгеріс енгізу керек.



«Ол үшін біз Мәжіліске, Сенатқа келуіміз керек. Осы екі палатада бәрін қорғап, депутаттардың қолдауын алуымыз керек. Оған уақыт қажет. Бұған дейін біз бірнеше рет осы норманы енгізуге тырысқанбыз. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін заңға енген жоқ. Бірақ біздің ұстанымымыз бір, лицензиялау қажет. Мейлі, мемлекеттік болсын, мейлі, жеке меншік болсын, барлық балабақшаға бірдей талап қою қажет», - деді Аймағамбетов.



Министр балабақшаларға лицензия беру мәселесін аяғына дейін жеткізуге мүдделі.


Бұдан бөлек, тағы бір бұйрыққа өзгеріс енгізіліп жатыр.



«Біз 122-ші бұйрыққа өзгерістерді енгізіліп жатырмыз. Ол өзгерістер осы айда енуі керек. Онда біз мемлекеттік тапсырыс алатын балабақшаларға талаптар қоятын боламыз. Біріншіден, сонда істейтін тәрбиешілердің біліктілігіне талап қойылады. Олардың міндетті түрде тиісті білімі болуы керек. Екіншіден, саны бойынша, бізде типтік штат бар. Сол штатқа сәйкестік болуы шарт», - деп атап көрсетті Аймағамбетов.



Сонымен қатар, бейнебақылау жүйесін орнатуға қатысты нақты талап болады. Білім беру мен тәртіп мәселесі де ескеріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балабақша #өзгеріс #лицензия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);