Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Балабақшадан бастап дағдылану қажет

Балабақшадан бастап дағдылану қажет

Әлеумет 11.10.2024, 20:24 1,021
Балабақшадан бастап дағдылану қажет
Сурет: Самат Құсайынов

Түрксіб ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы 19 қазан – Құтқарушылар күнін мерекелеу қарсаңында  «Ашық есік» күнін өткізді.

         Кәсіптік мереке қарсаңында №11 өртке сөндіру-құтқару қызметі  бөлімінің базасында ұйымдастырылған салтанатты жиында саланың жетекші мамандары жиылған қауымға жетіжұттың бірі – өрт апатымен бетпе-бет келіп, көкала түтінге көмілсе де, алаумен арпалысатын жалынды жанкешті мамандықтың қыр-сырын ашып бергендей. Мамандар жиылған жасөспірімдерге төтенше жағдайлар қызметшілерін даярлайтын оқу орындары жайлы ақпарат та берілді. Апат айтып келмес, осы күнге дейін өрт сөндіруші-құтқарушы мамандар сол «тілсіз жау» аталатын дүлей апаттан қаншама адамды  арашалап, соншама қоғам мен мемлекет мүлкін құтқарып қалғанын статистика сайрап айтып береді.

Жауынгер мамандықтың жауапкершілігі қат-қабат, қиындығы мен қызығы қатар жүреді. Төңіректің белсенді тұрғындары, балабақша мен мектеп оқушылары бұл күні өрт сөндіру-құтқару қызметінің құрал жабдықтары, өрт сөндіру техникалары мен саймандарымен таныстырылды. «Аруақ разы болмай, тірі баймас» деген, 1989 жылғы маусымда «Алматы-2» теміржол бекетінде болған алапат өрт апаты кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндіруші қызметшілердің рухына бағышталған ескерткіш-белгіге гүлшоғырын қою рәсімі өтті. Өрт сөндіру-құтқару қызметінің ардагерлері өткен қызметтік шақты еске алып, жастарға ақ тілегін арнады.

            Кәсіби мереке қарсаңында ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты – қоғам мен елдің қауіпсіздігіне өлшеусіз үлес қосып отырған өрт сөндіру-құтқару қызметіне өскелең ұрпақтың назарын аудару. Өрт сөндіруші-құтқарушы  мамандығының қадірін арттыру қажет. Жас өрендердің қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесіне мән беріп, оның негізіне көңіл бөлуін қалап, оқушыларға осы салада қолданылатын арнаулы құрал-жабдықтарды көзбен көріп, қолмен ұстауға жағдай жасалды.

            «Өрт – тілсіз жау екені сөзсіз. Осыған орай, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесін, құтқару дағдысын балабақшадан бастап үйретсек, керемет емес пе. Осыны ойластырдық. Мектеп оқушылары арасында бұл мамандыққа қызығушылық аз емес.  Осы бір қызығушылық кәсіптік дағдыға айналып, олардың біразының болашақта біздің қатарымызға қосылуына игі әсер етер деген ойдамыз. Иә, бұл – оңай кәсіп емес, қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық. Қызығы дегенде, «Алғыспен ер көгерер» қазақтың даналық сөзін айтамын. Қызметімен қадірлі болып, ел-жұрттың алғысын алып жүргенге не жетсін», – дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ардагері, қордағы (запастағы) өртке қарсы қызмет подполковнигі Гүлшат Дәуренбекова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балабақша #құтқарушылар #өрт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.