конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Балабақша тәрбиешілері енді тек үш құжат толтырады

Балабақша тәрбиешілері енді тек үш құжат толтырады

Білім және ғылым 09.01.2023, 08:22 1,514
Балабақша тәрбиешілері енді тек үш құжат толтырады
Сурет: Qaragandyhabary.kz

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Манара Адамова айтты.


Биыл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Мемлекеттік стандарты мен үлгілік бағдарламасы қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Өткен жылы министрлік тәрбиешілердің жұмысын едәуір жеңілдететін бұйрықты бекітті. Онда мектепке дейінгі білім беру деңгейіндегі тәрбиешілер мен мұғалімдер толтыратын үш негізгі құжат анықталған. Бұл перспективалық жоспар, циклограмма және баланың жеке даму жоспары. Аттестаттау кезінде басқа құжаттар қаралмайды», - деді «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры Манара Адамова.



Еске сала кетейік, биыл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Мемлекеттік стандарты мен үлгілік бағдарламасы қабылданды. Сарапшылар бұл мектепке дейінгі білім беру мазмұнын түбегейлі өзгертетін тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен реформа екенін атап өтті.


Жаңа Мемлекеттік стандарт «ойын арқылы оқыту» қағидасына негізделген балаларды дамытудың негізгі әдістемесіне оралуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ енді балабақшалар еркін күн тәртібін әзірлей алады.


Бұл тәрбиешілерге минут сайын қатаң кестеге байланбай, күні бойы балалар үшін ойын және оқу жаттығуларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңа стандартта балалардың бойында маңызды құндылықтарды қалыптастырудың тәсілдері мен әдістері де көрсетілген. Тәрбиеші баланы ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін түсінуге, сыпайы және мейірімді болуға, дос болуға, құрметтеуге, көмектесуге, бөлісуге, қызығушылық танытуға, қоршаған әлемді бақылауға, зерттеуге және т.б. үйретеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балабақша #тәрбиеші #жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);