AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Арнайы комиссия Алматыдағы балабақшалардың жұмысын...

Арнайы комиссия Алматыдағы балабақшалардың жұмысын тексереді

Әлеумет 29.12.2021, 09:22 1,188
Арнайы комиссия Алматыдағы балабақшалардың жұмысын тексереді
24.kz



Комиссия құрамына білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері, сарапшылар, әдіскерлер мен қоғам белсенділері кіреді. Бұл жұмыс еліміздің басқа өңірлерінде де жүргізілетін болады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Комиссия мүшелері мектепке дейінгі ұйымдардағы жағдай мен балабақша қызметкерлері жұмысының сапа стандарттарына сәйкестігін тексереді.


Балабақшалар 100% қауіпсіз болу керек. Осы күндері Алматыдағы екі мектепке дейінгі ұйымда орын алған оқиғаларға жол беруге болмайды. Балабақшалар әкімдіктердің қарамағында. Сонымен қатар заң бұзушылықтардың басым көпшілігі жекеменшік балабақшаларда тіркеледі. Бірақ қауіпсіздікті меншік нысаны мен бағыныстылығына қарамастан қамтамасыз ету қажет. Өкінішке орай, осы жылдың қыркүйегіне дейін мектепке дейінгі ұйымдардың сапасын мемлекеттік бақылау тетіктері мүлдем болған емес. Балабақшалар басқа білім беру ұйымдарына қарағанда, лицензиялаудан босатылып, хабарлама арқылы ашылды. Сонымен қатар бұрын мемлекеттік бақылау мен аттестаттаудан босатылды. Тек осы жылы ғана біз балабақшаларға мемлекеттік тексеру институтын заңды түрде енгізе алдық. Осыған байланысты көптеген наразылықтар болды.  Бірақ балалардың мәселесіне келгенде, бейжай қарамау керек. Алғашқы нәтижелер мұндай тексерулердің қажеттілігін көрсетті. Желтоқсан айының басында біз тексерген балабақшалардың шамамен 80%-ы білім беру қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты мемлекеттік аттестаттаудан өтпегенін хабарладық. Сондықтан біз бақылау құралын енгіздік. 


Біз сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты жеке меншік балабақшаларда орналастыруға, тәрбиешілердің біліктілігіне және қауіпсіздік мәселелеріне қойылатын талаптарды күшейтеміз. Сонымен қатар мектептер мен балабақшаларда педагогикалық жұмысқа алғаш кіретіндердің біліктілігін тәуелсіз тексеру туралы талап енгізіледі.


Балабақшалар заңды әкімдіктердің қарауында екенін ескере отырып, біз мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын ерекше бақылауға алу қажеттігін бірнеше рет атап өттік. Әр топқа бейнекамералар берілуі керек. Балалармен жұмыс істейтін кадрларды іріктеу мәселесі де өте маңызды, – деп атап өтті Білім және ғылым саласында сапаны қамтамсыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балабақша #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);