AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары қам...

Алматыда қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары қамауға алынды

Оқиға 20.04.2022, 04:36 1,103
Алматыда қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары қамауға алынды
Сурет: 24.kz

Қаржы пирамидасына қатысы бар тағы үш адам анықталды.


Қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Әңгіме «Mudaraban Capital» серіктестігінің қатысушылары – Ш. және Т. есімді азаматтар жайлы болып отыр. Оларға қатысты сот бұрын бұлтартпау шарасы ретінде «кепіл» санкциясын берген. Сондай-ақ М. және К.есімді азамат сотқа дейінгі тергеу барысында үйқамаққа алынған», - деді полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.



Айтуынша, олар Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды.


Қылмыстық іс бір топ азаматтың «ASTEX.KZ» ЖШС, «ACD Technology» ЖШС лауазымды тұлғаларының қаржылық пирамида құру және оны басқару дерегі бойынша ұжымдық арыз негізінде Алматы қалалық полиция департаментінде тіркелді.


2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың қаңтарына дейін аталған ЖШС-нің лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін қажет деген желеумен қаражат тарту үшін бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасқаны анықталды.



Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар ай сайын әрбір салымшыға төлеген жарна сомасының 20 процентін төлеуге міндетті болды. «ASTEX.KZ» ЖШС 162 салымшыдан 5 миллиард теңгеден астам қаражатты басқа компания – «MUDARABAN CAPITAL» ЖШС арқылы алған.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қаржы #пирамида
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);