AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Президенттік кадрлік резервке 45 адам өті...

Алматыда Президенттік кадрлік резервке 45 адам өтініш берді

Әлеумет 10.09.2021, 09:28 806
Алматыда Президенттік кадрлік резервке 45 адам өтініш берді
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Республика бойынша үміткерлер саны - 281.


Қазақстанда 1 қыркүйекте Президент жанындағы жастар кадрлық резервіне екінші іріктеу басталды. Елдің мемлекеттік сектор резерві қатарына 50 адам қабылданады деп жоспарлануда. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері басқармасы басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан кандидаттардың қандай талаптарға сай болуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Шынарай Əлімхан Президенттік кадрлық резервке үміткерлер Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек екенін айтты. 



«Байқауға жасы 35-тен аспаған, жоғары білімді мен жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес азаматтар жіберіледі. Қазіргі іріктеудің жаңашылдығы – үміткерлер мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растауы қажет. Ол ұлттық стандарттарға сәйкес орташа деңгейден (В1) төмен болмауы тиіс», - деді Департамент өкілі. 



Шынарай Əлімхан кандидаттардың мемлекеттік тілде мәтін құруы, өз пікірін дәлелді түрде жеткізуі және қарапайым диалог жүргізе алуы керектігін түсіндірді. 


Алдыңғы іріктеуден айырмашылығы - кадрларды іріктеу процесі тек қажетті білімді, дағды мен қабілетті ғана емес, сонымен қатар үміткерлердің шынайы мотивтері мен олардың ниеттерін бағалайтын болады. 



«Мемлекеттік сектор үшін ең алдымен қоғамдық мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды табу маңызды. Сондықтан барлық үміткерлер іріктеу кезінде ситуациялық тапсырмалар мен мінез-құлық бойынша сұхбат береді», - деп жалғастырды Шынарай Əлімхан. 



Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған адамдар іріктеуге қатыса алмайды. 


Іріктеуден өткендер «А» корпусының саяси әкімшілік лауазымдарына және жетекші - «Б» корпусына тағайындалады. Резервте болу мерзімі – 3 жыл. 


Бұл ретте Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілі Президенттік резервке тіркелу резервте болу кезеңінде лауазымдарға міндетті түрде тағайындалудың шарты болып табылмайтынын атап өтті. Тағайындау резервтегі адамдардың және қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа адамдардың арасынан да жүргізілуі мүмкін. 


Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері басқармасы бастығының орынбасары Ш. Əлімхан ықтимал резервшілерге дайындалған іріктеу кезеңдері туралы айтып берді. 



«Алғашқы кезеңде құжаттар мамандандырылған онлайн-платформада бір ай ішінде қабылданады. Екінші кезеңде мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті бағаланады. Ал үшінші кезеңде ситуациялық тапсырмалар беріледі», - деді спикер. 



Болашақтағы, төртінші кезеңде құзыреттілік екі блоктан бағаланады: бағалау орталығы және құзыреттілік бойынша сұхбат. Бесінші кезеңде үміткерлер сараптамалық комиссиядан сұхбаттан өтеді. Президент Әкімшілігінің жанынан құрылған комиссия алдыңғы іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен әрбір үміткермен жеке сұхбат жүргізеді. 



«Сұхбаттасу нәтижелері бойынша Сараптамалық комиссия резервке жазылуға ұсынылған кандидаттардың тізімін жасайды, ол Ұлттық комиссияның қарауына жіберіледі. Іріктеудің соңғы кезеңінде үміткерлерді кадрлық резерв жөніндегі Ұлттық комиссия қарайды», - деді Шынарай Əлімхан. 



Президенттік резервке іріктеу туралы толық ақпаратты pkrezerv.gov.kz сайтынан білуге болады. 


Айта кетерлігі, іріктеудің басталғанына 9 күн өтті, ал бүгінгі күнгі мәліметке сәйкес, 7 қыркүйекте Алматы қаласы бойынша 45 үміткер тіркелді, ал республика бойынша үміткерлер саны - 281.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Кеше 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Кеше 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Кеше 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Кеше 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Кеше 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);