AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Бейсенбіде еліміздің 17 өңіріне дауылды ескерту жа...

Бейсенбіде еліміздің 17 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Әлеумет Бүгін 09:05 37
Бейсенбіде еліміздің 17 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК мамандары 15 қазанда Қазақстанның 17 облысына дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да асады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман түсетіні болжанады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Қонаевта 15 қазанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді.

Астанада 15 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болатыны да болжанады. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Өскеменде 15 қазанда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 15 қазанда күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 15 қазанда күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Таңертең және күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 15 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады, ал түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 15 қазанда түнде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 15 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 15 қазанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Павлодарда 15 қазанда түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда да 15 қазанда түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Кеше 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);