Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымда...

Алматыда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жобалық қызмет» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті

Әлеумет 12.11.2024, 19:45 724
Алматыда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жобалық қызмет» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті
Almaty-akshamy.kz
 

2024 жылдың 5 қарашасында Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты КМҚК «№84 бөбекжай-балабақша» базасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жобалық қызмет» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Бұл іс-шара Алматы қаласы әкімдігі мен білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2023 жылдың шілде айында Жайсанбаева Акерке Сагнышовна, Алматы қаласындағы балабақша меңгерушісі, Сингапур елінде тағылымдамадан өтіп, осы елдің балабақшаларында қолданылатын экологиялық әдістер мен құрал-жабдықтарды өз ісінде пайдалану тәжірибесін меңгеріп қайтты. Сингапурлық тәжірибеде қалдық материалдардан көмекші құралдар мен әсем безендірулер жасау кеңінен қолданылатыны белгілі. Бұл тәжірибені өз жұмысында қолдану үшін Акерке Сагнышовна «Табиғат және біз» атты жобаны әзірлеп, балабақшада қалдық заттарға екінші өмір сыйлау тақырыбын қолға алды.

Сонымен қатар, жобаның аясында балабақша қабырғалары қазақша сөйлеп, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін арнайы ойын орталықтары ұйымдастырылды. Бұл жоба мектепке дейінгі білім беру саласында экологиялық тәрбие беру бойынша озық тәжірибелерді көрсету мақсатында жүзеге асырылды.

Конференцияның басты мақсаты — мектепке дейінгі білім беру саласындағы экологиялық тәрбие бойынша жобалық қызметтің озық тәжірибелерін көрсету, тәжірибе алмасу және педагогикалық қауымдастықта экологиялық тәрбие мәселелерін талқылау болды. Конференция барысында қатысушыларға инновациялық әдістер мен технологиялар ұсынылып, теориялық және практикалық тұрғыда білім мен дағдылар берілді.

Конференцияның бағдарламасы мынадай шаралардан тұрды:

  • Қалдық заттарға екінші өмір сыйлау тақырыбында жоба презентациясы;
  • Тәрбиеленушілермен ұйымдастырылған іс-әрекет;
  • Шеберлік сыныптары;
  • Балабақша ішінде «Қабырғалар сөйлейді» орталықтарына экскурсия;
  • Жобалық қызметті ұйымдастыру бойынша пікір алмасу;
  • Педагогтардың өзара тәжірибе алмасуы.

Конференцияға Балаларды ерте дамыту институтының өкілдері, Қызылорда облысының Қармақшы ауданы білім бөлімінің бас маманы Хатира Арубаевна Алмаганбетова, сондай-ақ Астана, Ұлытау облысы, Түркістан облысы мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары қатысты. Іс-шараға мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, әдіскерлер және сала мамандары да шақырылды.

Конференция барысында қатысушылар қалдық заттарды көмекші құрал ретінде қолданудың заманауи тәсілдері мен жобалық қызмет саласындағы жаңа мүмкіндіктерді талқылады, бұл шара қатысушылар үшін маңызды әрі мазмұнды болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балабақша #тәжірибие #тағылымдама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.