AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да зама...

Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да заманауи эндоскопиялық оқу орталығы ашылды

Барлығы 24.09.2025, 14:52 848
Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да заманауи эндоскопиялық оқу орталығы ашылды
Сурет: Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының базасында жаңа эндоскопиялық оқу орталығы ашылды.

Бұл орталықта тек Қазақстаннан ғана емес, Орталық Азия елдерінен келген эндоскопист-дәрігерлер де біліктіліктерін арттыра алады.

Орталық Evis X1 эндоскопиялық жүйелері мен жоғары технологиялы симуляторлар сияқты ең заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл оқу процесін халықаралық стандарттарға сай деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

«Орталықтың ашылуына әлемдік медициналық жабдықтар өндірісінің көшбасшысы – Olympus компаниясымен стратегиялық әріптестігіміз ықпал етті. Серіктестерімізге көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғысымды білдіремін. Жаңа орталық біздің дәрігерлермен қатар Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстаннан келген әріптестеріміз өз дағдыларын шыңдап, тәжірибе алмасып, алдыңғы қатарлы технологияларды меңгеретін маңызды алаңға айналатынына сенемін. Бұл мамандардың біліктілігін арттырумен қатар, диагностика мен медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Институттың Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев.

«Тренинг орталығын құруға Қазақстан, Жапония, Польша және Чехия командаларының атсалысқанына қуаныштымыз. Орталық мамандарды даярлау, білім алмасу және жоғары стандарттарды енгізу салаларында жаңа мүмкіндіктер ашады», – деді Olympus Corporation өкілі Йохи Маэда (Жапония).

Оқу орталығының бағдарламаларына теориялық курстармен қатар, симуляторларда және нақты клиникалық жағдайда өткізілетін кең көлемді практикалық сабақтар да кіреді. Бұл оқу процесінің тиімділігін барынша арттыруға мүмкіндік береді.

«Оқу орталығы – бұл эндоскопиялық диагностиканы жаңа деңгейге көтеретін заманауи білім беру хабы. Біз өз дәрігерлерімізді сапалы колоноскопия әдістеріне үйретіп қана қоймай, ADR көрсеткішін есептеу жүйесін енгізетін боламыз. Бұл көрсеткіш – тік ішек пен тоқ ішек қатерлі ісігімен күрестегі шешуші фактор. Оны қолдану мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді», – деді Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Жамиля Қайбуллаева.

Бұл маңызды оқиға Қазақстандағы медициналық білім беру мен технологияларды дамытудың жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #эндоскопиялық орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бейсенбіде еліміздің 17 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:05

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Кеше 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Кеше 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Кеше 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Кеше 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);