AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматы полициясы Mudarabah Capital қаржы пирамидас...

Алматы полициясы Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты пікір білдірді

Заң мен тəртіп 12.04.2022, 03:21 1,253
Алматы полициясы Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты пікір білдірді
inform.kz

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты қозғалған іс жайында түсінік берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Айта кетейік, кеше осы пирамиданың салымшысы Бағила Досмайылова астанадағы Ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген болатын.



«Бағила Досмайылова Mudarabah Capital қаржы пирамидасы ісі бойынша жәбірленуші деп танылған. 10 сәуірде ол өзінің Instagram парақшасында өліміне мені кінәлі деп санауды өтініп пост жариялады. Өйткені, оның айтуынша, мен «істі жабуға асығып отыр екенмін». Аталған қылмыстық іс бойынша 14 адам күдікке ілінген, оның екеуіне халықаралық іздеу жарияланды», - деп атап өтті Рустам Әбдірахманов.



Полиция өкілінің сөзіне сенсек, алты күдікті қамауда отыр, үшеуі кепілмен босатылған, тағы екеуі үйқамаққа алынған, біреуі ешқайда кетпейтіні жайлы қолхат берген.


Қазіргі таңда қылмыстық процеске 14 адам тартылды, оларға Қылмыс кодексінің 217-бабы 3-бөлімі бойынша айып тағылған.



"Таяу арада процеске қатысушылар қылмыстық іспен танысып болған соң, іс сотқа жіберіледі. Келген материалдық шығынды өндіру мәселесін сот қарап шешеді. Өз атымнан ол кісінің тезірек жазылып кетуіне тілектеспін. Өмірлік қиын жағдайға тап болған кез келген адам эмоциялық күйзеліске ұшырайтыны белгілі", - дейді полиция департаменті бастығының орынбасары.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #қаржы #пирамида
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);