ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Әкеден балаға, баладан немереге: "Гавриловка" тұрғ...

Әкеден балаға, баладан немереге: "Гавриловка" тұрғындарының брендіне айналған би желіні "жарды"

Алматы 25.09.2025, 09:00 476
Әкеден балаға, баладан немереге: "Гавриловка" тұрғындарының брендіне айналған би желіні "жарды"
сурет: видео кадры
"Гавриловка" ауылында пайда болған "Футболшылар биі" бүгінде әлеуметтік желілерде кең таралып, ерекше қызығушылық тудырып отыр. Ақшамньюс тілшісіне сұхбат берген ауыл тұрғыны Марал Кенжахимова бұл...

Әлеуметтік желіде той қонақтарының ерекше биі вирусқа айналып, мыңдаған қаралым жинады. Желідегі жұрт қонақтардың үйлесімді қимылдарына қарап, бұл бидің жай дүние емес екенін талқыға салды. Болжағандай-ақ, "футболшылар биі" деп аталып кеткен бұл дәстүрлі бидің тарихы тереңде жатыр. Аqshamnews.kz тілшісінің материалынан біліңіз. 

"Футболшылар биінің" тарихы қандай? 

"Футболшылар биі" - СҚО-дағы Гавриловка (қазіргі Көкалажар - еск.) ауылының дәстүрлі биі. Тарихы 1981–1982 жылдардан бастау алатын бұл бидің үлкен қуанышпен тікелей байланысы бар. Бұл туралы Гавриловка ауылының тұрғыны Марал Кенжахимова әңгімелеп берді.

"Сол жылы жазда фестиваль аясында Гавриловка спортшылары спартакиадада бірінші орын алып, қуаныш үстіне қуаныш қосылып, ауылдың би үйірмесі де көркем өнерпаздар байқауында жеңіске жетті. Қос жеңісті атап өту барысында футбол командасының капитаны Серік Сәтиев би үйірмесінің жетекшілері Ботагөз Естенбекова, Татьяна Прохоренко және Лариса Топинадан ойыншыларға бірнеше қимыл үйретуді өтінеді. Әрине, спортшылардың көпшілігі би икеміне епсіз болғандықтан, қимылдарды жеңілдетіп, қарапайымдау етіп жасаған. Бірақ дәл осы қарапайымдылық бидің басты ерекшелігіне айналып, бүкіл ауылға ортақ дәстүрді қалыптастырды", - деді Марал ханым. 

Ұрпақтар сабақтастығына айналған би

Марал Кенжахимова бұл биді әлеуметтік желіде бөліскеннен кейін қызығушылық танытқандардың көбейгенін айтты. 

"Әкелеріміз бен ағаларымыздың биге аса икемі жоқ болатын. Сондықтан қимылдарды жеңілдетуге тура келді. Бірақ осының өзі биді одан сайын ерекшеледі. Солайша видеодағы “футболшылар биі” пайда болды. Содан бері бұл би жылдан жылға, ұрпақтан ұрпаққа үйретіліп, ауылымыздың нағыз бейнесіне айналып кетті", - дейді ол. 

Марал ханым үшін бұл би тек көңіл көтеру ғана емес, ауылдың тарихымен астасып жатқан үлкен мақтаныштың бөлшегі.

Қарапайым би қалайша ауыл брендіне айналды?

Би авторларының бірі Лариса Топина жылдар өте келе "футболшылар биі" ауылдың шынайы брендіне айналғанын айтады:

"Инстаграмнан да, ТикТоктан да қайта-қайта көріп отырамын. Біздің ауылдың басты ерекшелігі – осы би. Бір қарағанда кішкентай ғана ауыл болғанымен, біз үшін ол атамекеніміз. Уақыт өтсе де, қазір үшінші буын билеп жүр. Оны тұрғындарымыздың әр жерде билеп жүргенін көру қандай қуаныш! Бүтін бір ауылдың брендіне айналып кеткен "футболшылар биінің" маңызы, құндылығы біз үшін ерекше", - дейді ол. 

Бүгінде бұл биді Гавриловка тұрғындары қыз ұзату, той-мерекелерде, түрлі жиындарда міндетті түрде орындайды. Ол ауыл адамдарының бірлігін көрсететін салтқа айналып кеткен. 

Әлеуметтік желідегі жылы лебіздер

Желі қолданушыларының пікірлері де ерекше. Бейнероликтің қаралымы 400 мыңнан асып, 20 мыңнан астам лайк жинады. Көрермендер:

"Көрген сайын көз алмай қарайсың!", "Керемет көңіл-күй сыйлайды, бәрі бірдей билеп тұр ғой", "Бұл ауылда би кәдімгі дәстүр секілді. Қимылдары сондай үйлесімді", - деп сүйсініп жатыр. 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.