ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / 50 жыл бұрын салынған мектептің орнына жаңа оқу ор...

50 жыл бұрын салынған мектептің орнына жаңа оқу орны ашылады

Әлеумет 03.04.2025, 11:30 618
50 жыл бұрын салынған мектептің орнына жаңа оқу орны ашылады
Алматы әкімдігі
Тамыз айында 280 орындық екі жаңа балабақша салынады.

Тамыз айында 280 орындық екі жаңа балабақша салынады.

Алматы қаласының Әуезов ауданында жаңа оқу орындары мен қолданыстағы мектептерге қосымша ғимараттар, балабақшалар салу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

«Әуезов ауданының тұрғындары үшін сапалы әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету менің ерекше бақылауымда. Халықтың өсуін ескере отырып, оқушы орындарының тапшылығын одан әрі төмендету үшін жаңа мектептер мен қосымша ғимараттар салу бойынша жүйелі жұмыс іске асырылуда», - деді Ерболат Досаев. 

Бүгінгі таңда ауданда оқушы орындарының тапшылығы 5 мыңнан асады. Бұл мәселені шешу үшін өткен жылдың қыркүйегінде №1 шағын ауданда №97 мектептің апатты ғимаратының орнына салынған 600 орындық алғашқы жайлы мектеп салынды. 2024 жылдың қараша айында 1200 орынға есептелген сейсмикалық күшейтілген №9 мектепті күрделі жөндеу аяқталды. 

Сондай-ақ, 1976 жылы салынған және 20 жылдан астам күрделі жөндеуден өтпеген №13 мектептің және ескі ғимараттарды бұза отырып, №158 мектептің (1978 жылы салынған) жаңа ғимараттарын салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. 

Құрылыс басқармасы Ақсай-2 ш/а 33 үй мекенжайы бойынша 300 орындық №42 мектепке қосалқы нысан салуға ЖСҚ әзірлеуде. Мемлекеттік сараптамадан шығу мерзімі-2025 жылдың үшінші тоқсаны. 

Бұл жобаларды іске асыру осы жылдың қыркүйек айында мемлекеттік сараптаманың қорытындыларын алғаннан кейін басталады, ал оларды ашу келесі оқу жылы басталғанға дейін жоспарланған. 

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында Алматы қаласы бойынша 35,6 мың оқушыға арналған 21 мектептің құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ 1305 орындық мектептерге 6 қосымша құрылыс салынады. 

Алматы әкімі мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын азайтуға ерекше назар аударады, ол 6 122 орынды құрайды. Ағымдағы жылдың тамыз айында Әуезов ауданында екі балабақшаның құрылысы аяқталады: №10 шағын ауданында 160 орындық және «Алтын бесік» шағын ауданында 120 орындық. 

2025 жылдың маусым айында Таугүл шағынауданындағы апатты ғимаратты алмастыратын 120 орындық балабақша құрылысына мемлекеттік сараптама қорытындысын алу күтілуде. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қыркүйегінде басталып, 2026 жылдың қарашасында аяқталады деп жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.