ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / 1 шілдеден бастап мектепке дейінгі ұйымдарды вауче...

1 шілдеден бастап мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі

Алматы 29.06.2025, 14:26 1,108
1 шілдеден бастап мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі
Алматы қаласы әкімдігі
1 шілдеден бастап Алматы қаласында мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.  2025 жылғы 1 шілдеден бастап Алматы қаласында Қазақстан...

1 шілдеден бастап Алматы қаласында мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі, - деп хабарлайды aqshamnews.kz. 
 
2025 жылғы 1 шілдеден бастап Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №372 бұйрығымен бекітілген өңірлердің Пилоттық жобаға көшу кестесіне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі.
Бұл жаңашылдықтың басты мақсаты — мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, бәсекелестікті күшейту және ата-аналарға балабақша таңдауда еркіндік беру.
Ваучерлік жүйе арқылы ата-аналар мемлекеттік те, жекеменшік те балабақшалардың қызметтерін төлеуге мүмкіндік алады.
 
2025 жылғы 1 шілдеден бастап ата-аналар мектепке дейінгі білімге арналған ваучерлер ала алады. Алматы қаласында бағдарламаға 988 мектепке дейінгі ұйым қатысады, оның ішінде:
o 196 — мемлекеттік балабақша,
o 792 — жекеменшік;
Ұйымды таңдау бос орынның болуына байланысты жүзеге асырылады. Ваучер рәсімдеу электронды https://balabaqsha.snation.kz/ порталы арқылы жүргізіледі.

Бағдарламаның мақсаттары:
● Мектепке дейінгі білімнің барлық әлеуметтік топтар үшін қолжетімділігін арттыру;
● Ата-аналардың таңдау еркіндігін қолдау және білім беру қызметтерінің икемділігін арттыру;
● Мектепке дейінгі білім беру саласында жекеменшік секторды дамыту;
● Бәсекелестік пен қаржыландырудың ашықтығы арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту.
 
Қалай жұмыс істейді:
1. Ата-аналар https://balabaqsha.snation.kz/ электронды порталы арқылы ваучер алу үшін өтініш береді;
2. Ваучер баланың балабақшада болу құнының бір бөлігін жабады;
3. Қаржыландыру балабақшаға тікелей баланың баруын растағаннан кейін беріледі;
4. Бағдарламаға қатысатын жекеменшік балабақшалар белгіленген сапа стандарттарына сай болуы керек.
Бағдарламаға қатысу үшін ресми порталға https://balabaqsha.snation.kz/ кіріп, ваучер алу үшін өтініш беру қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.