AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Зілзаладан қаза тапқандар саны 48 мыңға жуықтады

Зілзаладан қаза тапқандар саны 48 мыңға жуықтады

Оқиға 13.03.2023, 09:10 932 Almaty-akshamy
Зілзаладан қаза тапқандар саны 48 мыңға жуықтады
Сурет: Ашық дереккөз

Апат аймақтарында 3 мыңнан астам құтқарушы жұмысты жалғастырып жатыр


Кахраманмарашта басталған жойқын жер сілкінісінен 47 975 адам қаза тапты. Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасының (AFAD) басшысы Юнус Сезер мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ю. Сезердің айтуынша, қазіргі уақытта Түркия азаматтары, сондай-ақ көршілес елдердің, әсіресе Сирияда жер сілкінісі құрбандарының жалпы саны 47 975 адам болды. Оның 6 278-і – шетелдік, негізінен Сирия азаматтары.


AFAD басшысы апат аймақтарында 3 мыңнан астам құтқарушы қалып, жұмысты жалғастырып жатқанын айтты.



«Аймақта жерасты дүмпулері әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан, біз құтқарушылар жасақтарын дайын ұстаймыз. Басқа елдерден тағы 300-ге жуық құтқарушы да сол жерде қалады», - деді Ю. Сезер.



6 ақпанда Түркияда эпицентрі Кахраманмарашта болған, магнитудасы 7 балдан асатын екі зілзала тіркелді. Жүздеген афтершокқа ұласқан жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясы мен көршілес елдерде, оның ішінде Сирияда сезілген.


Үйінділердің астынан іздеу жұмыстарына 88 елдің 11 мың құтқарушысы қатысты, олардың қатарында қазақстандықтар да болды.


Түркияға зілзаладан келген шығын $100 млрд асуы мүмкін. Бұл туралы Түркиядағы БҰҰ Даму бағдарламаларының өкілі Луиза Винтон хабарлады.


Мамандардың айтуынша, өңірде әлі жарты жыл бойы афтершоктар қайталанады. Түркиядағы жойқын зілзаланы болжаған нидерландылық зерттеуші Франк Хугербитс наурыздың басында жаңа апаттардың болуы мүмкін екенін ескертті.


7 наурызда Хатай, Кахраманмараш және Кайсери провинцияларында үш жер сілкінісі тіркелді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Түркия #жер сілкінісі #апат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);