AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысына уақытша шекте...

Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Алматы 15.06.2026, 18:06 378
Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Алматы қаласының Жетісу ауданында кәріз желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

* Шектеу енгізілетін кезең: 2026 жылғы 16 маусымнан 20 шілдеге дейін.

* Аумақ: Жұмабаев көшесінің Сельская көшесінен Жансүгіров көшесіне дейінгі бөлігі.

* Айналып өту сызбасы: Омаров және Палладин көшелері арқылы қамтамасыз етіледі.

Қалалық инфрақұрылымды жаңғырту және тозған желілерді ауыстыру аясында Жетісу ауданында 716 метр кәріз құбыры жаңартылады. Аталған желі 1967 жылы пайдалануға берілген және қазіргі уақытта өзінің нормативтік пайдалану мерзімін өтеген.

Қозғалысты шектеу – жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шара. Себебі қайта жаңғыртылатын желі учаскесі тікелей жол төсемінің астынан өтеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін кезеңде барлық тұтынушылар үшін суық сумен жабдықтау және су бұру қызметтері толық көлемде сақталады.

Жұмыс жүргізілетін аумақта ескерту жол белгілері және айналып өту бағыттарының көрнекі сызбалары орнатылған. Автокөлік иелеріне бағыттарын алдын ала жоспарлауды ұсынамыз.

Тұрғындар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#автокөлік қозғалысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);