AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ЖИ-көмекші арқылы алғашқы 3 мың адам жұмысқа орнал...

ЖИ-көмекші арқылы алғашқы 3 мың адам жұмысқа орналасты

Әлеумет 27.09.2026, 10:04 214
ЖИ-көмекші арқылы алғашқы 3 мың адам жұмысқа орналасты
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Жоба осы жылдың шілде айынан бастап Павлодар және Маңғыстау облыстарында пилоттық режимде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанда Цифрлық жұмыспен қамту қызметі жобасы арқылы азаматтарды проактивті түрде жұмысқа орналастырудың жаңа форматы сынақтан өткізілуде. Сервис жұмыс іздеушінің цифрлық түйіндемесін өздігінен қалыптастырып, жасанды интеллект көмегімен оның білімі, еңбек өтілі мен дағдыларын ескере отырып, тиісті бос жұмыс орындарын іріктейді.

«Біз мемлекеттің жұмысқа орналасу мүмкіндігін проактивті түрде ұсынатын моделіне көшудеміз. Азаматтың келісімімен оның білімі, еңбек өтілі, негізгі дағдылары мен жеке қасиеттері туралы деректерді автоматты түрде жинақтайтын цифрлық түйіндемесі қалыптастырылады. Осы мәліметтер негізінде біз нақты азаматтың дағдыларына сәйкес келетін бос жұмыс орындарын іріктеп, жұмыс іздеушілерге жолдаймыз. Жоба іске қосылғалы екі ай ішінде қатысушыларға осындай 59 мың хабарлама жіберілді. Бүгінде олардың шамамен 3 мыңы жұмысқа орналасты», – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықпаев.

Жоба осы жылдың шілде айынан бастап Павлодар және Маңғыстау облыстарында пилоттық режимде жүзеге асырылуда. Қатысушылар арасында соңғы 3 айда жұмысынан айырылған азаматтар, ЖОО және ТжКБ түлектері, есепте тұрған жұмыссыздар бар. Хабарлама алғаннан кейін жұмыс іздеуші бос жұмыс орнына өтінім бере алады. Жұмыс беруші өз жеке кабинетінде үміткердің өтінімі мен ол туралы ақпаратты көріп, оны сұхбаттасуға шақыра алады.

Бос жұмыс орындарын іріктеумен қатар, ЖИ-көмекші жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын да ұсынады. Егер жұмыс іздеушіге қажетті дағдылар жетіспесе, Enbek Skills платформасында тегін онлайн оқудан өтуге мүмкіндік бар. Жаңа мамандықты меңгергісі келетіндер үшін жұмыс берушінің тікелей базасында дуальды оқыту бағдарламалары қарастырылған. Сондай-ақ жүйе еңбек күші тапшы өңірлерге мемлекеттік қолдау шараларымен қоныс аудару мүмкіндігін ұсынады. Оның ішінде қоныс аударуға берілетін біржолғы төлем мен тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары бар. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік бағдарламалары аясында барлық шара ақысыз көрсетіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);