AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «Жазғы шабыт» лагері – балалардың жарқын жазғы әле...

«Жазғы шабыт» лагері – балалардың жарқын жазғы әлемі

Алматы Бүгін 14:39 44 yakiya
«Жазғы шабыт» лагері – балалардың жарқын жазғы әлемі

Жаз – балалар үшін қуанышқа, қызыққа және достыққа толы ерекше мезгіл.  Әр бала – қайталанбас әлем, өз арманы, өз талпынысы, өз қуанышы бар жеке тұлға. Мектеп қабырғасындағы білім жолын уақытша аяқтап, жазғы лагерьге келген әрбір бала демалысын көңілді өткізіп, ұмытылмас әсер сыйлайтын сәттерді аңсайды. Лагерь – тек демалыс орны ғана емес, бұл балалардың жаңа достар тауып, бойындағы қабілеттерін ашып, жарқын естеліктер жинайтын шағын саяхат мектебі. Мұнда әр күн шат күлкімен, әдемі бимен жалғасты. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен көздеріндегі үміт жазғы демалыстың ең әдемі көрінісіне айналады. Сондықтан да жазғы лагерьдің әр күні балалар үшін қызыққа толы саяхат, ал әрбір сәтті жүректерінде сақталатын қымбат естелік болып қала береді.

Осы орайда Алматы қаласындағы №110 мектеп-гимназиясында ұйымдастырылған «Жазғы шабыт»  мектепішілік лагері оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасады.

Лагерь жұмысында әр баланың қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Демалыс кезеңінде тәрбиеленушілер танымдық, мәдени-көпшілік, спорттық және шығармашылық бағыттағы түрлі іс-шараларға белсене қатысты.

Лагерь бағдарламасы аясында балаларға театр әртістері келіп, қызықты қойылымдар көрсетіп, ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар тәрбиеленушілер «Аватария» ойын-сауық орталығына барып, түрлі аттракциондар мен ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында сурет байқаулары, зияткерлік ойындар, тақырыптық күндер мен түрлі шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Ғажайыптар әлемі» тақырыбындағы пикник, «Біз нашақорлыққа қарсымыз» сурет байқауы және көптеген қызықты танымдық шаралар өткізілді.

Лагерьдің маңызды бағыттарының бірі – салауатты өмір салтын насихаттау. Осы орайда түрлі спорттық жарыстар мен көңілді старттар ұйымдастырылып, балалар өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Әкелер күні мерекесіне орай өткізілген эстафеталық жарыстар ерекше әсерге толы болды. Бұл шара балалар мен ата-аналардың арасындағы байланысты нығайтып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге мүмкіндік берді.

«Жазғы шабыт» лагерінде өткізілген әрбір іс-шара балалардың бос уақытын қызықты өткізумен қатар, олардың достық қарым-қатынасын нығайтуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды. Лагерь тәрбиеленушілері жаңа достар тауып, жарқын естеліктер жинап, ұмытылмас әсерлерге бөленді.

Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері лагерь жұмысының нәтижелі өтіп жатқанын айқын көрсетеді. №110 мектеп-гимназиясының «Жазғы шабыт» мектепішілік лагері жазғы демалысты пайдалы әрі көңілді өткізудің жарқын үлгісі ретінде өз жұмысын табысты жалғастырды.

 №110 мектеп-гимназиясының «Жазғы шабыт» мектепішілік лагерінің жетекшісі Кеңесова Аяжан Нұрғалиқызы

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жазғы лагерь
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Таза орта – ұлт саулығының кепілі

Бүгін 14:26

«Қала хикаялары» республикалық байқауы жарияланды

Бүгін 14:17

Үкіметте мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Бүгін 14:14

Табиғат әуені мен бояуы

Бүгін 12:27

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде не өзгеріс бар?

Бүгін 12:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);